Өз тәуелсіздігімізді алғанымызға 13 жылдай уақыт өтіп, Қазақстан экономикада әлемдік принциптерін енгізіп, онда маңызды орынға ие болды. Оған дәлел ретінде экономикамыздың даму қарқынын қарастыруымызға болады. Сонымен, қатар өз шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Солардың бірі ретінде кіші және орта бизнестегі инновациялық жобаларды несиелендіруді көрсетуге болады. Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық жән саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған. Бұлар үлкен бизнесті дамытатын негіз болып табылады. Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, кіші бизнес жалпы ішкі өнімнің 17% - ын құрайды. Мемлекетік бюджеттің 11% - ы осы салада кәсіпкерліктің төлемдерінен құрылады. 2005 жылы ЖІӨ - дегі кіші бизнестің үлесін 30% - ға жеткізу мақсаты қойылды. Қазақстанда кіші бизнес сауда делдалдық және қызмет көрсету салаларында жақсы дамуда. Ал анқты сектор мүлдем дамымай жатыр десе де болады. ҚР-ның сауда және индустрия министрлігінің мәліметі бойынша кіші және орта бизнеспен өндірілген өнім 3% -ды құрайды. Ал кіші және орта бизнестің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен.Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды. Шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие: 4) Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды. 5) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану. 6) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті. 7) Шағын фирмалар ірір компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді. ....
Мемлекеттік несие қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш жүзіледі. Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарынын бірі. Елдің ішішде мемлекеттік несие операцияларын жүзеге асырағанда мемлекет әдетте, қаражаттардың ал халық, кәсіпорыңдар мен ұйымдар-кредиторлар болып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет борышкердің де, кредитордын да ретінде көрінеді. Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Ссуда қоры ұлғамайлы ұдайды өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды несиелеу және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелеу ссуда қорын өнімді пайдалану болып табылады ....
Міндетті резервтеу саясаты жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің басты міндеттерінің бірі, қарызгерлер мен клиенттердің муддесін қорғау.(«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы» заңның 7 бабы) Осы міндетті орындау ушін және екінші дәрежелі банктердің өтемпаздығын сақтандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі арнаулы резервтік шотта сақталуға тиісті қаржының ең төменгі деңгейін белгілейді. Мұндай практикада барлық, экономикасы өскен елдерде қолданылады. Бірақ бұл әр елде,бұл резервтің құрылымы, амплитудасы, көлемі және процент төлеу өзіндегі әр турлі. Резервтің ең төменгі деңгейі, ақша саясатының құралы ретінде, бір жағынан , ақша нарқында, екінші дәрежелі банктердің ағымдағы өтемпаздығын реттейді, екінші жағынан, олардың айналымға несиелік ақша шығаруын бақылайтын құрал. Резервтік міндеттемелер, тәртіп бойынша, банктердің міндеттемелерінің белгілі бір бөлігінің жагдайына байланысты, немесе, өсуіне байланысты белгіленеді. Резервтік активтің ең төменгі деңгейін есептеудің негізгі бабы, банктің қызмет көрсететін шаруашылықтарының шоттарындағы қаржының қалдығы, жеке тұлғалардың депозиттері мен салымдары және банк аралық міндеттемелер.Негізінде қамтылған міндеттемелердің түрі көбейген сайын бұл құралдардың тиімділігі артады. Резервтің ең төменгі деңгейінің көлемі есептеуде қамтылған міндеттемелердің сомасынан процент түрінде белгіленеді, және де бұл процент көрсеткіші әр елде әр түрлі. Мысалы: Испания мен Италияняң Орталық банктері резервтік талаптың процентін жоғары деңгейде ұстайды, ал Ангияның Орталық банкісі, керісінше, ең төменгі шекте белгілейді, (0,45 %), Жапонияның Орталық Банкісі де2,5 % - тен жоғары белгілемейді. ....
Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мына- дай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар , ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі келеді.
Ішкі факторлар 67 % Сыртқы факторлар 33 % Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі 22 % Компанияның банкроттығы. 12 % Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барыснда ақпаратты дұрыс бағалауы. 21 % Кредиторлық қарызды қайтарцын талап етуі. 11 % Алдын ала ескерту беогісіне кеш көңіл бөлуі және опералық бақылаудың әлсіздігі 18 % Жұмыссыздық/ жанұя мәселері 6 % Қамтамасыз етілудің сапасы – ның нашарлығы. 5 % Ұрлық / Алдау 4 %
Несис бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген карыз алушысы мұндай фактор- ларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық аныкқтап білуге тиіс. Банкроттыктың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кебеюі, акционерлік калпиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады. Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел топтарына жіктейді: - ең төменгі тәуекелі бар несилер (жіктеуге жатпайтын несиелер) - ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер - шектеулі тәуекелі бар несиелер - ережеден шығу барысында берілгеи несие (стандартты емес несиелер ) Әр тәускел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін , өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді. Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне — потенциалды қарыз алушыларды тандау жатады. Қарыз алушының қаржылық ....
Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агентігінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы». Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына, қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақталуына үлес қосулары керек. Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісім-шарт жасасады. Бұл келісім-шартта несие процесі жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі. Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет. Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі элементтерді қарастырады: - несиелеу объектілері; - несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы; - қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі; - қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы; - қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.); - несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары ....
Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы. Біздің еліміздің банктік саласы – жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз - біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, неиселік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау. ....
Банк тәуекелін басқаруда елеулі роль атқаратын басқару түрі - несиелік тәуекел болып табылады. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел— қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар: • несиелік қызметті ұйымдастыру; • лимиттер белгілеу; • несиелік ұсынысты бағалау және қарызалушының несиелік қабілетін бағалау; • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру; • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау; • несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу— несиелерді авторизациялау; ....
Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді. Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады: ....
Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.....