Экономикалық ойлау адамзат қоғамымен бірге өмір сүріп келеді. Ежелгі философтар (Аристотель, Ксенофан, Платон және т.б.) шығармаларында экономикалық тұрмыстық варианттары көрсетілген. «Экономия» термині грек тілінің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (ереже, заң) деген сөздерінен алынып, бастапқы кезде үй шаруашылығы туралы ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі экономика – бұл «рыноктық шаруашылық» категориясының синонимі. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы – бұл жеке тұлға, отбасы, қауым және бүкіл қоғамның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін ресурстық база, жағдайлар кешенін құруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің қызметі. Ол экономикалық ресурстарды қалыптастыру және рационалды бөлу, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және тағы сол сияқты элементтерден тұрады. Адамның жеткілікті түрде тіршілік ету мәселесін шешу бойынша экономикалық қызметті іске асыруға үш субъект қатысады: мемлекет, қоғам және адамның өзі. Нақты жағдайларға байланысты олардың әрқайысысы көп немесе аз міндеттерді өз мойнына алады. Рыноктық қатнастар қалыптасуының қазіргі сатысында әлеуметтік жұмыстың экономикалық функцияларын іске асыруда мемлекет басты роль атқаратындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Әлеуметтік жұмыс экономикасы – материалдық емес қызмет өндіру бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың барлық құрылымдарының экономикалық қызметі. Материалдық емес қызмет өндіру сферасының мынадай спецификалық ерекшеліктері бар: бұл сфераның өкілі (тұтыну заты) тауар түрінде емес, белгілі бір қызмет, еңбек түрінде болады. Яғни, «... зат түрінде қызмет көрсетпей, еңбек түрінде қызмет көрсетеді...». Бұл жерде материалдық – заттай өндіріске тән қызмет формасынан өнім формасына өту іске аспады, және қызмет өндіру процесі әрқашан да оны тұтынумен сәйкес келеді. Материалдық емес қызмет сферасына тұрғын-ұй коммуналдық қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жолаушы автокөлігі және байланыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру, әлеуметтік қызмет көрсету және тағы басқалары жатады. Олардың барлығына ортақ қасиет қызметтің осы түріне қамтылған жұмысшылар еңбегінің материалдық емес сипаты болып табылады. Бұл салаларды тағы да олардың адамдарға және олардың тіршілік етуіне әлеуметтік жағдай жасауға бағытталуы біріктіреді.[1]. Сонымен қатар 90 – шы жылдардың басында «әлеуметтік жұмыс» деп аталған қызметтің принципиалдық ерекшеліктері де бар. Ол тек әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету, қызметі ретінде емес, сонымен қатар қоғамның объективті себептерге байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын мүшелерінің мүдделеріне сай әділетті әлеуметтік қайта құруға бағытталған мемлекет емес құрылымдар қызметінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Рыноктық өту кезеңінде мемлекет тарапынан қолдауды объективті қажет ететін адамдардың саны көбейеді. Сонымен қатар мемлекет иелігінен алу және меншіктің көп формалылығы мемлекеттің халықтың әлсіз топтарының әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ресурстың мүмкіндіктердің елеулі түрде қысқаруына әкеледі. ....
Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар. Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес. Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ. Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт. Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым. Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Ақуыз молекуласының ашылу тарихы. Я. Беккори 1736 жылы тұңғыш рет бидай ұнынан желімтіктелген ақуыз алды. Бірақ ақуыздың құрамы тек жүз жылдан кейін ғана басқа ғалымдардың тәжірибелері негізінде анықталды. Оны анықтау үшін жасалған алғашқы қадам ақуызды ыдырату болды. Егер ақуызды күшті қышқылмен (тұз қышқылымен) араластыра отырып қыздырса, ол өте кішкене бөлшектерге ыдырайды. Бұл бөлшектерді мұқият зерттегенде олардың құрамында карбоксил (СООН) тобының қышқылдық және амин (МНг) тобының негіздік қасиет көрсететіндігі дәлелдеңді. Кейіннен осы топтарды аминқышқылдары деп атады. Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының саны - 20, олар молекуласының құрылымы жөнінен әр текті болып келеді. Мәселен, 1806 жылы Р. Воклен мен К. Робике ақуыздын ыдырауынан пайда болған аминқышқылын аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп алып, оған аспарагин деген ат берді. 1820 жылы француз ғалымы А. Браконно ақуызды ыдырату арқылы аминқышқылы - глицинді алды, осыдан кейін аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу басталды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы - треонин 1935 жылы фибрин ақуызының құрамынан алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құрамына кіретін 20 түрлі аминқышкылын ашуға 130 жыл уақыт кетті. Ақуыздық құрылысы. Биополимерлердің ішіндегі мөлшері мең маңызы жөнінен ерекше орын алатыны ақуыз молекуласы. Ақуыз макромолекулаға жатады. Ақуыз молекуласы органикалық заттардың ішіндегі алыбы екенін мына сандардан көруге болады. Мысалы, органикалық зат этил спиртінің молекулалық массасы - 60, ал жұмыртқа ақуызы - альбуминдікі - 36000, гемоглобиндікі (қанның қызыл түйіршіктері) - 152000. Ақуыз молекуласының алып болуы занды да, себебі оны құруға мыңдаған атомдардан тұратын мономерлер қатысады. Ақуыз полимері мономерлерінің рөлін аминқышқылдары атқарады. Ақуыз химиялық құрамы жөнінен гетерополимерлерге (грекше. "hetezos"-әр түрлі) жатады. Табиғатта 200-ден астам аминқышқылдарының түрлері бар. Ақуыз молекуласының құрамына кірмейтіндері зат алмасудың нәтижесінде реакция аралық қосылыстар түрінде пайда болып, кейбір ерекше бактериялар үшін қоректік зат ретінде жұмсалады. Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының ерекшелігі неде? Басқа аминқышқылдары неліктен ақуыз молекуласының құрамына кірмейді деген заңды сұрақ еріксіз туады. Бұл сұрақтардың жауабы мынадай мағлұматтар негізінде түсіндіріледі. ....
Қазіргі таңда дүние жүзінде әртүрлі үлкен-үлкен жаңа ашылулар мен жаңалықтар жарыққа шығуда. Әрбір ғылым саласындағы қызметкерлер: ғалымдар, академик-профессорлар, оқытушылар барлығы әлі сыры толығымен ашылып болмаған Жер бетінің жұмбақтарын зерттеп, анықтауға атсалысуда. Сондай жұмбақ жаратылыстардың бірі- адам. әрине, Қазір осыдан 1-2 ғасыр бұрынғыға қарағанда жеке адам туралы біршама көп білеміз. Дегенмен де адамның жаратылысы туралы түсінбейтін, білмейтін жақтарымыз да көбірек. Адамның жеке мүшелері, олардың құрылысы, дамуы, өсуі, қызметтерінің реттелуі, патологиясы, мүшелердің регенерациясы , тағы басқа туралы бірнеше ғылым салалары зерттеп, оқытады. Мәселен, анатомия, гистология, физиология, биохимия, психология, антропология, т.т. Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім ) тірі организм мен оның жеке жуйелері , ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.ол тіршілік үрдістерін, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды. Жалпы адам іс-әрекеттері ми арқылы реттеліп отырады. Әсіресе адамның үлкен ми сыңарлары бір секундта 200-300 дейінгі тітіркендіргіштерді қабылдап, оларға жауап береді.Осы үлкен мидың оң және сол жақ жарты шарларында орналасқан сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана, ұйқы, месл, психикалық әсерленістердің қызметін білудің маңызы зор. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі –адамның санасы пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің “Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға.” атты еңбегінде берген болатын. П.К.Анохин 1968жылы салалы іс - қимылды түсіндіру үшін арнайы функциялық жүйе сызбасын ұсынды.....
Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз. Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі. Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. ....
Рәміздер –тәуелсіздіктің нақты белгісі. Олардың қатарына –әнұран , елтаңба, ту жатады. Бұлар - әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, әдет-ғұрпын ,тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін қымбат таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат құрметтейді. Рәміздер - біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айнасы. Шаңырақ, уықтар, аңыздағы қанатты пырақтар, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу өте ақылды ойластырылып, бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан. Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы, салтанатты әні. Оның шырқалуы, шарықтауы, мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор. Бұл - рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына, асыл мұра.......
Ұлт боламын десең бесігіңді түзе... Иә , расында бұл сөздің астында қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Елім деп өткен қаншама ерлеріміз қазақ елі үшін жанын аямай, қасық қаны қалғанша елі үшін күресті. Мұндағы ерлігіне қарап тұрсаңыз, жүрегінде еліне деген, қазақ ұлтына деген патриоттық сезімнің шоқтығы биік екендігін аңғарасыз. Ал,и қазір жастардың сана сезімінің жоғары бола тұра әлсіреп бара жатқандығын байқаймын.......
Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт - азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”.......
Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп , көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз! Бұл бізде онайлықпен келген жок. Бізге берген құдайдың бағы да емес,сыйы да емес. Ата –бабамыздың ұрпағым,елім, жерім деп армандап өткен сол үшін талай тер төгіп , талай қан төгіп мың өліп,мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Мұны осы жиырма екі жыл ішінде есті адам есіне алып түсінетін тарихи даму жолы. ......