Сүйікті Атырауым! Әр адамға өзінің кіндік қаны тамған жері ыстық. Ауылда туған адамға, қандай әдемі, қызығы қайнап жатқан қала болса да, өз ауылы қымбат болады. Мен үшін кіндік қаным тамған жерім - Атырауым ыстық. Мен оны еш жерге теңемеймін. Атырауым мақтасам, мақтауыма тұратын қала. Себебі, Жайығында балығы тулаған, мұнайы қайнаған, небір дана кісілер, ақындар, дарындылар дүниеге келген киелі жер. Махамбет, Исатай, Фаризадай......
Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған.
Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий.....