Медицина | Медицинаның биохимиялық мәселелері

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Биология - тіршілікті зерттейтін ғылым (биос – тіршілік, логос – білім). Биология ғылымы тіршіліктің барлық нысандарын жан-жақты, кең ауқымды зерттейді, яғни ол тірі ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарының құрылысын, функциясының таралуын, шығу тегін, дамуын, олардың бір-бірімен және тірі ағзалармен өлі дүние арасындағы күрделі байланыстарды зерттейді.
Биология терминін 1802 жылы Ж.Ламарк және Г.Тревиранус бір мезгілде, бір-бірінен тәуелсіз енгізген болатын.
Биологиялық химия – тірі табиғат химиясы. Биохимия тірі табиғат организмдердің химиялық құрамын, тіршілікке қажетті қосылыстардың құрылысын, атқаратын қызметін, осы биополимерлердің синтезделу және ыдырау жолдарын, олардың әртүрлі организмдердің тіршілік процесінде өзгеріске ұшырауын зерттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қарыннан құтылу жолдары

Май – адам өмір сүруіне керекті механизм. Ол адамға суық мезгілден аман-есен шығуға көмектеседі. Сол себепті, денеде майдың жинақталуы - қалыпты үрдіс. Тек оны белгілі бір деңгейден асырмаса болғаны.

Май жиналуының механизмі қандай? Біріншіден, әрине, көмірсуды мөлшерден тыс пайдалану. Ағзада көмірсудың мөлшерін артық сақтайтын арнайы орын болмағандықтан, ол біртіндеп жинақталып, майға айналады. Аталған механизм ликоген ретінде бұлшық етте 80 грамм және сондай мөлшерде бауырда сақталады. Ал қалған артық көмірсулар денеде май түрінде кездеседі. ......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

​Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

Баспа ауруын басып емдеуге болмайтынын аты айтып тұр. Сонда да тамақтағы ісікті басатындар бар ел арасында. Бірақ бұл әдіс аурудан айықтырмайды, керісінше асқындырады. Сондықтан да ангинаны ешқашан басушы болмаңыз. иллюстрациялық

Баспа (ангина) – бадамша безінің қабынуынан белең алатын ауру. Тамаққа түскен инфекция қызуды көтереді, тамақты қызартады, әлсіздікке бой алдырады, басы ауырып, жұтынған кезде қиындық туындайды. Осы белгілер байқалған кезде дәріханада сатылатын емдік шөптер арқылы аурудың алдын алыңыз. Сізге көмек ретінде 8 әдісті ұсынамыз. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Психология | Психика мен сананың негізгі түрлері мен қасиеттері

Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән.Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы.Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі.Сана шындықтың жай суреті,оның жансыз кошірмесі емес,адам басында,нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі.Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп,күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды,әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау,елестету арқылы көрінеді.Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге,ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер,абстрактылы ойлау формалары-ұғым,пікір,ой қорытындылары танылып,жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады.соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары,олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дуниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.

Зерттеудің міндеттері

1) Психика мен сананың функциларының дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;
2) Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау;

Зерттеудің теориялық маңызы:
Психика мен сананың дамуы мен мәнін ашу барысында жасөспірімдердің психикалық процестерінің қалай дамитындығы туралы көрсетілген. Жұмыс барысында Карл Бюлердің психологиясы мен психика дамуы, жан Пияженің кіші мектеп жасынан жасөспірім кезеңіне өтудегі логикалық ойлаудың дамуы қаратылған Сонымен қатар В.Штерн, Ф.Бергер, С.Шоспиро, Э.Герингтың, А.Н. Леонтьевтің әр түрлі жас жамаларындағы жанамаланған зейіннің дамуы, неміс ғалымы Э.Кречмердің дене құрылымы мен психикалық қасиеттерінің арақатынасын зерттеуі туралы көрсетілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Түнімен телефоннан көз алмайтындар назарына

Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді. ......
Кеңестер
Толық

5 ас қасық диетасымен 5 кг-нан құтылыңыз

Бұл диетада тәтті де, майлы тамақ та рұқсат етіледі. Және түнде де тамақ жеуге болады. Бірақ, салмақ тастайсыз. Сенбесеңіз, «ұстап», сынап көріңіз!

Артық салмақ – мөлшерден көп жегеннен пайда болады. Демек, егер салмақ тастағыңыз келсе, күнделікті қабылдайтын тағам мөлшерін кемітуіңіз керек. Нақтырақ айтқанда, калорияны 1000 ккал-дан кемітсеңіз болғаны. Әрине, калорияны есептеп отыруға ешкімнің уақыты, шыдамы жете бермес. Осыны ескеріп, диетолог мамандар сіздер үшін есептеп, ең оңай жолын тауып та қойған. Ол үшін сізге арнайы таразы алудың қажеті жоқ. Ас қасық таразының рөлін атқарады. ......
Кеңестер
Толық

Қыста тоңазытқышты пайдаланбайтын болсаңыз мынаны ескеріңіз

Тоңазытқыш ұзақ әрі сапалы қызмет етуі үшін... Тоңазытқыш – адам денсаулығына маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуы үшін пайдаланылатын, электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ал қазіргі үйлерді тоңазытқышсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен салқын түсіп, қысқы мезгілге ауысқан шақта күннің ыстығында кейбіріміз талай керегімізге жараған тоңазытқышты көктемге дейін уақытша өшіріп қойып немесе орын болмай балконға, жылуы жоқ бос бөлмелерге қойып жатамыз. Бірақ, бұлай жасауға бола ма? "Кейбір жағдайларға байланысты тоңазытқышты уақытша пайдаланбайтын болғанда не істеу керек? Кейін керек кезінде қосқаннан кейін дәл бұрынғысынша жұмыс жасай бере ме?"деген сансыз сұрақтар алаңдатып қоятыны белгілі. Сондықтан кішігірім бола да маңызы бар осы сұрақтардың жауаптарын қарастырып көрелік.......
Кеңестер
Толық

Нан қандағы қант деңгейін төмендетеді

Бүтін дәнді және бидай наны денсаулық үшін аса маңызды. Ол диабеттің өршу қаупінің алдын алады.

Шығыс Финляндия Университеті мамандары зерттеу жүргізіп, жасұныққа бай бүтін дәнді нанды жиі тұтыну қандағы қант деңгейін төмендетуге және екінші дәрежелі диабеттің өршу қаупінің алдын алатынын дәлелдеген.

Қара және бидай наны да инсулинге төтеп беру реакциясын жақсартады, ал ақ нанның қанты жоғары адамдарға да, дені сау адамдарға да аса пайдасы жоқ екені дәлелденген. ......
Кеңестер
Толық

Қорқақ баланың қолынан не келеді

Жасқаншақтық – сенімнің кемшілігі. Жалпақ тілмен жаутаңкөз дейміз. «Жасқаншақтық баланың жан-жақтылы өсіп-жетілуіне тиімсіз факторлардың бірі» дейді ғылыми тұжырымдар.
Жеті жасқа дейінгі балаларда көп кездесетін қорқудың бірнеше түрі:
1-Бөтен ортадан қорқу (адам жатырқау);
2-Алаңдау;
3-Бөтен заттардан қорқу;
4-Жалғыз қалудан қорқу;
5-Ата-анасының немесе өзгенің ұрып-ұрсуынан қорқу;

Енді себептері:

1. Ата-ананың орынсыз әлпеші.
Тым әлпештеп өсірген бала өзін өте әлжуаз санайды екен. Оған біреу келіп көмектеспесе немесе істеп бермесе өздігінен бір нәрсені “дұрыс істей алам” деп ойламайды. Сондықтан өз киімін киюден де жасқанады екен. ......
Кеңестер
Толық

Банан қабығының тоғыз қасиеті

✅ 1. Күмісті тазалайды
Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз.

✅ 2. Аяқ киімге арналған жақпа май
Банан қабығының құрамындағы майлар мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен құрғақ матамен сүртесіз. ......
Кеңестер
Толық