Намазды қалай оқиды?

Құрметті мұсылман бауырлар! Осы мақалада намаздағы басты түсініктер жарияланды. Сізге түсінікті және ұнайды деген үміттеміз!

Кеңестер
Толық

Дұха (сәске) намазы

Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып....
Кеңестер
Толық

Намазды бастауды жеңілдететін 14 кеңес

Намаз – кәлимадан кейін парыз болған ұлы ғибадат. Сондықтан да, Алласын танып, иман келтірген әрбір пенденің жүрегінде намазға деген құлшыныс бар. Құлшыныспен бірге күдікті ойлар қатар жүреді. Бұл сөзсіз – діннің емес, жынның ісі. Сіздің санаңызды жаулаған көптеген күдіктерді сейілту мақсатында намаз бастауды жеңілдететін аз-кем кеңестерімізді ұсынбақпыз.

1. «Бес намаздың сөздері мен әрекеттерін жаттау қиын»

Көпшілік адам «Бес уақыт намаз әр түрлі оқылады, оны бастау үшін бес уақыт намазды жаттауың керек» деп ойлайды. Бұл ойдың нәтижесінде намаз бастау өте қиын деген тұжырым шыға келеді. Жоқ, тіпті олай емес. Негізі 2 бас яғни 2 ракат намазды оқуды үйренгенің – бес уақыт намазды үйрендім деген сөз. Себебі, бес уақыт намазда да сол 2 ракат үшін.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Сапарда намаз қалай оқылады? [видео]

Сұрақ: Сапарда намаз қалай оқылады?
Жауап: Сафари дегеніміз – жолаушы болу деген сөз. Үш күндік жерге бару ниетімен жолға шыққан адам орналасқан жерінен үш күндік жолға ниет етіп кетсе, кеткен жолының екі тарапындағы үйлер аяқталғаннан кейін сафари (жолаушы) болады. Үлкен қалаларда шеткі үйлер қалмаған. Осы тұрғыдан үлкен қалаларда, тұратын жерімізге жақын болған мазар, фабрика, мектеп және казармадан өткен кезде сафарилық басталады.
Үш күндік жолға шығуға шешім қабылдамай бүкіл дүниені айналып шықса да сафари болмайды. Дұшпанды іздеп жүрген әскердің жағдайы осындай. Екі күндік қашықтықта.....

Кеңестер
Толық

Сапарға шыққан адамға қандай жеңілдіктер бар?

Ислам дінінде адамның шамасы жетпейтін, орындалуы мүмкін емес нәрсе жоқ. Себебі – Алла Ұлы, Құдіретті, Күшті және мұндай ұлылықты жаратылысынан талап етпейді. Құранда бұл туралы: «...Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады» («Хаж» сүресі, 78-аят) делінеді.

Тақырыбымызға арқау болып отырған «сапар» ұғымына артық анықтама қажет емес секілді. Өйткені, сапарға шықпайтын адам кемде-кем. Сол себепті бұл әркім үшін маңызды тақырып болып отыр. Хадисте: «Сапар—азаптың бір бөлігі, ол біріңді ішіп-жеуден және ұйқыдан тосады, егер (кісі) шаруасын тындырса, отбасына асықсын» (Муслим) делінуі адам үшін сапардың қолайсыз рәсім екендігіне нұсқау бар. Осындайда шариғатымыз мұсылманның өмірін барынша жеңілдетуге тырысады.
Кеңестер
Толық