Астана күні (Елбасы - елінің тірегі, Астана – елімнің жүрегі)

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал, сәби бала жүрегіммен мақтан етемін. «Қазақстан» деген кезде менің ойыма...
Шығармалар
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

Жанар Ибраева Жеңісқызы,
Астана қаласы,
№ 68 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағат мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Тәрбие сағаттар
Толық

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Өмірбаяны:
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Рефераттар
Толық