Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда берілетін жылу мөлшерін есептеу (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу физикасы
Сабақтың тақырыбы: Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда берілетін жылу мөлшерін есептеу
Оқыту мақсаттары: 8.3.2.3 жылу алмасу процесі кезінде, алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
8.3.2.4 меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық мағынасын түсіндіру және оны анықтаудың тәсілдерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға жылу жетелеу сұрақтарын қоя отырып, жаңа сабақты меңгеруіне көмек көрсету. Қабілеттерін ескере отырып, дифференциациялық тапсырмалар беру арқылы практикалық білімдерін арттыру ........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ферменттердің активтілігі мен мөлшерінің өлшем бірлігі

Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе теңдікте болад, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудыі қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асады.
Ағзаның барлық клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллиондаған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүретін еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әр түрлі жайсыз құбылыстарға әсер етеді.

Біздің мұндағы негізгі қарастыратынымыз, тақырыптың негізгі ашпақ болған мәні-ол ферменттердің жалпы ерекшеліктері, қасиеттері , медицина саласындағы әсіресе медициналық диагноз қоюдағы маңызын түсіну және қолдана білу, сондай-ақ ферменттердің синтезінің бұзылуы немесе жетіспеуінен туындайтын ферментопатиялардың не энзимопатиялардың түрлері жайлы, олардың клиникалық белгілері жайында мәлімет ала отырып, түрлі ауруларды бір бірінен айыра білу жөніндегі ақпараттар болып табылады.

Демек, фермент биологиялық катализатор болғандықтан, термодинамиканың негізгі ережелеріне бағытталады.Атап айтқанда, бейорганикалық катализаторлардың көптеген ерекшеліктерін ферменттік реакцияларда байқауға болады, яғни олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие:біріншіден, энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдей алады; екіншіден, реакция тепе-теңдігін өзгертпейді, тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады; үшіншіден, реакция бағытын өзгертпейді; төртіншіден, реакцияның соңғы өніміне айналмайды.Алайда, ферменттер биологиялық катализатор болғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктері болады ,оны ферменттердің жалпы қасиеті деп атаймыз.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қара шіріктің минералдануы топырақтарда гумус баланысының мөлшерін теңдесуін қалыптастыру

Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса (1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында (Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех «Қара топырақ геоботаникалық зерттеулер» (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген, яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді В.Докучаев «Орыс қара топырағы» (1883) атты еңбегінде толық дамытып қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.....
Рефераттар
Толық