Мәңгілік ел

Мәңгілік елдің болашағы - сенімді қолда

Қазақстан...Қасиетті де құрметті атыңнан айналайын! Сендегі бар ғұмырым, маған қуаныш пен бақыт әкелді. Саған артар өкпем тіпті жоқ! Болмайды да. Каспийдің бұрқыраған толқынымен, дүр еткен баһадүр ерлерімен, сары даланың самалдай соққан өшпес тарихың мен сенің атын әлі шоқтығы биік жерлерден орын алатыны сөзсіз. Оған менің сенімім мол.

Бірақ ежелгі қазақ елі мен қазіргі Қазақстанның арасы жер мен көктей. Толқындары тынық самалмен тербетіліп жататын, сол баяғы қарт Каспий. Қашан келсең де саған айтар аңызы, шежіресі таусылмайтын, жұмбақ сырларының шеті көрінбейтін, сол баяғы кең дала. Осы жерде: « Бұрынғы қазақ елі мен қазіргі қазақ елінің не айырмашылығы бар?»- деген сұрақ туындайды. «Баяғы жартас- сол жартас»- демекші, «Қандай өзгеріс бар?»- деген де сұрақ туады. Онда мен жауабымды айтайын. Қазіргі Қазақстан- жаңа болашаққа бастау алған дамыған мемлекеттердің бірі. Ол көркею үстіне көркеюде. Жапырағы жайқалып, гүлдей жайнап, тамырын терең бекітуде. Азияның жүрегінде орналасқан Қазақстан басқалардың қызыға да қуана да қарайтын еліне айналуда. Ол бұрынғы қазақ елінен өзінің тәуелсіздігімен, жаңа саясатымен және жаңа көзқарастарымен ерекшеленеді......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік ел

Мәңгілік Ел болуға Қазақ елінің Ерлігі береке мен бірлігінде, ұлтаралық татулығында, дана басшылығында болады. Елбасы бастады, халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қостады, осының арқасында ұлттық тәуелсіздікке, қазіргі өркенге қол жеткізді. БІздер үшін Тәуелсіздігіміздің құндылығына жететін еш нәрсе жоқ. Өйткені тәуелсіздіктен айырылсақ басқасының бәрінен айырылып орны толмас өкініште қаламыз. Мәңгілік Ел туралы өлең жолдары....
Тақпақтар
Толық

Мәңгілік ел

Еліміз тәуелсіздік алу жолында қаншама қиындықтарды басынан өткізгендігі айдан анық.Ия, «тәуелсіздік» атты асыл арманға жету үшін ата-бабаларымыз ерен ерліктері,болаттай мықтылығы,темірдей төзімділігі,сөзсіз батырлығы,халық қамы үшін қан кешіп,құрбан болғандығын,біз, яғни еліміздің жас ұрпағы терең ойлап, түсінуіміз парыз.Ел болу үшін,Тәуелсіздік керек,ал тәуелсіз болу үшін ұлттық рух,күш-жігер,сенім,мақсат керек.Міне,халқым көктен тілеп,көптен күткен тәуелсіздігімізге жиырма екі жыл.Бұл ұлы мақсат жолында қаншама халық қырылып,өз туған-туыстарынан айырылған болатын.......
Шығармалар
Толық

Қазақ елі Мәңгілік ел


Қазақ елі - Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт арнасымен сан қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Отанға деген шынайы махаббат, бүгінгі ұрпақ алдындағы ата-бабаларымыздың аңсаған еркіндігі Ұлы Жеңіске жеткізді. Қазақ елі қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты жоба болды. Қазақ елінің тамыры тереңге жайылған ел тарихынан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қаншама қиын қыстауларды, ашаршылық пен соғыс (әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жж арасындағы Ауған соғысы мен қатар кешегі 1986 ж 16 желтоқсанның қанды оқиғасы) елден жыраққа кетіп тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне қаймықпастан кешегі өткен батыр аға-апаларымыз болмаса бүгінгі күнгі Тәуелсіздік жолына аман-есен жетерме едік? Болашақ ұрпақ үшін жанын аямай, өз өмірін қазақ елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп бізге аңсаған еркіндікті алып берді. Міне, осының өзі - Мәңгілік елдің шаңырағы болып табылды. .....
Әңгімелер
Толық

Мәңгілік ел – идеясы

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел –идеясы»
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.
Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық

Мәңгілік Ел

«Мәңгілік Ел» атты патриоттық әндер фестивалі
Слайд көрсетіледі: «Мәңгілік Ел» стратегиясы бойынша
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Тәуелсіз елімізді бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ,біз үшін ортақ тағдыр - бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы », - деген болатын......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық