Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму матысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға бірітіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалықжәне әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жән. ....
Қоғам дамуда, онымен қатар шаруашылық та, өндіріс те дамуда. Қазіргі қоғамдағы адамның сұранысы өте жоғары. Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін ғылыми-техникалық прогресс те қарқынды сипатта, ал ҒТП-ң өнімдерін жүзеге асыру үшін жаңа өндірістер салынуда. Әрине, мұның бәрінің адамзат дамуында пайдасы зор екені сөзсіз, бірақ, артымызға қарайықшы. Біз өз ұрпағымызға, келешекке не қалдырамыз? Қарасақ, көретініміз тау-тау қалдықтар, ауаның көмірқышқыл газымен ластануы, теңіздерге мұнай және басқа да зиянды заттардың төгілуі, осы экологиялық мәселелердің нәтижесінде ондағы флора мен фаунаның зардап шегуі. Ал егер сол жердің флорасы мен фаунасы бүлінетін болса, онда көп кешікпей бұл жердің экосистемасының өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, дүниежүзілік мұхиттар қарапайым ғана өзендерді арқылы ластанады. Сонымен қатар мұнай өнімдері мұхитқа балласт суларын төккенде, кемелердің апаты кезінде, теңізде мұнай мен газ өндіргенде түседі. Мұнаймен ластанған теңіздер мен мұхиттардың биологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Мұнай судың бетін қабықшамен жауып, оттегінің өтуіне кедергі жасайды, суда оттегі мөлшері азаяды, соның нәтижесінде тірі организмдердің өміріне қауіп төнеді. «Қайран елім – өз елім!..» демекші алысқа бармай-ақ, өз туған жерімнің экологиялық проблемасына тоқталғым келіп отыр. Өкінішке орай, біздің елімізде де экологиялық проблемалар жеткілікті. Ол дүниежүзіліс сипат алған Арал теңізінің апаты, сондай-ақ Семей полигонының орнындағы радиоактивтілік мәселесі, Каспий теңізінің зауыт қалдықтары мен мұнай өнімдері әсерінен ластануы, Байқоңыр ғарыш станциясының проблемалары, азон қабатының тесілуі, қалаларда ауа ластануы, айта берсек қағаз жетпес. Соның ішінде өзіміздің туған жеріміз киелі өлке Маңғыстаудың кейбір экологиялық проблемаларына шолу жасағымыз келеді. Маңғыстаудың бұл тұрғыдан жағдайы нашар. Оған біз Каспий теңізінің ластануын, кезінде уран өндірілген кен орнының жағдайын, Қошқар-ата көлінің проблемасын, Үстірттегі жарылыстар нәтижелерін және т. б. жатқызамыз. Енді осы мәселелерге толығырақ тоқталып кетсек. ....
Педагогикалық ғылымының зерттеу әдістері. Ғылымның міндеті – зерттеу жұмысын жүргізу. Педагогикалық процесс өзінің қайталанбауымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмыстарында осыған байланысты, басқа ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог – зерттеуші бір алған мәліметті өзінің зерттеу жұмысында ешқашанда ала алмайды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірқатар шарттар орындалуы тиіс: - белгілі бір қолайлы жағдайдың болуы; - белгілі жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі; - зерттелінушінің ынта-ықыласы мен қызығушылығын ескеру. Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық тұрғыдан бақылау, зерттеу мақсатындага әңгіме, мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, педагогакалық эксперимент, алдыңгы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, әлеуметтік зерттеу әдістері (анкета, рейтинг), математикалық статистиканың әдістері, педагогикалық идеяларга теориялық тұрғыдан талдау жасау және т.б. Педагогиканың дәстүрлі зерттеу әдістері бар. Оларды кезінде Платон, Квитилиан, Коменский, және Песталоццийлар қолданған. ....
Жалпы сипаттамасы. Жасына немесе жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психикалық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен бай-ланысты. Қарама-қарсы көзқарас — жас даму білім мен дағдылардың жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады. Совет психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп Блонский мен Л. С. Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне етуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құры-лымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады. Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл — әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. ....
Қауіпсіздік мәселесі - әлемдегі барлық елді ойландыратын күрделі мәселе, сонымен бірге ол халқаралық саясатпен тығыз байланысты. Осы себепті ерте кезеңнен бастап ел басылар, саясаткерлер мен ұлы даналар көрші ел шабуылынан қалай қорғану керек жөнінде ойланған. Халық тайпалары, этникалық топтар , полистар, империялар мен мемлекеттер бүкіл адамзат тарихы бойы бір-бірімен жауласқан және әлі де жауласып келеді. Осылайша, егер мемлекет өмір сүрсе, ондағы қауіпсіздік тұрақты немесе абсалютті болуы мүмкін емес. Бірақ ол белгілі бір қалыпта болып, әрқашанда «ел билеушілердің» саияси көңіліне байланысты болып қалады. Өйткені халықаралық қатнастар ел басының қалай мемлекет аралық байланыс жасайтындығына тікелей байланысты. Бұл жағдай қазіргі жаһандану заманында басты орын алады. Қазір халықаралық қатнастардың экономизация , информатизация және демократизация дамуға үлкен мүмкіндік береді. Бірақ осы бағыт терроризм үшін әлсірей түсуде. Жаһандану жағдайында жаппай қырып жою қаруы мен ақпараттық қару (үгіт-насихат) күші өсіп келеді. Қазіргі заманда ең ірі жаһандық мәселе - ол терроризм . Егер терроризм қауіпсіздікті бір мезетте жойса , мерзімі ұзартылған мәселе - экологиялық. Жер шарының экологиясы уақыт өте тозып, жылдан-жылға әлсіреп барады. ....
Қоғамның өтпелі кезенде, қоғамдық өмірдің көптеген саладағы дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциальдық сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жөзекшелік, амориялизм сияқты мінез-құлық риякциясының өршуін туғызуы белгілі. Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, әс-әрекеттері жатады. Нормадан ауытқу жағымды және негативті, жағымсыз болуы мүмкін. Негативті мінез-құлық мынадай түрлерге бөлінеді: аморальды-қоғамда қабылданған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, деликвентті –қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық-қылмыстық заңдылықтар нормасын бұзады. Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі ....
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізді жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтым қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде “Педагогика” курсының атқаратын қызметі айрықша. “Педагогика” курсы педагогикалық оқу орындары студенттерін мұғалім мамандығына дайындау жүйесінің негізгі бір саласы. Оның мақсаты болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды қалыптастыру.....
Экологиялық мәселелердi шешу болашағы мамандардың осы сала бойынша берiлетiн бiлiмдi игеру деңгейiне тәуелдi және қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершiлiктi қатынасты көздейтiн iс-әрекетке негiзделген. Соған байланысты жоғары оқу орындары студенттерiнiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамыту мақсатында меңгертiлетiн пәндердiң барлығының мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туындайды. Ғалымдар адамның табиғатқа деген ықпалының арта түсуiне байланысты экологиялық үйлесiмдiлiктiң бұзылуына орай, биосфераның бұзылуына жол бермеу қажеттiгiне мән бере бастады. Сондықтан адамзатты айналадағы экологиялық ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға баулуда, оқу-тәрбие жұмысы барысында баса назар аударып, экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң өз ерекшелiгi бар. Тiрi және өлi табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыда аша отырып, экологиялық факторлардың жан-жақты әсерiн түсiндiрде аналитикалық химия пәнiнiң әлеуетiн тиiмдi пайдалану маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Себебi, қоршаған ортаға деген адамның қарым-қатынасы оның бiлiмiне, адмгершiлiктiк қатынасына, өз iс-әрекетiнiң салдарын бiлуiне тiкелей байланысты. Сонымен бiрге, қай жердiң болмасын экологиялық зардаптарын түсiндiруге, сондай-ақ, экологияға зиянды ықпалдарды түзетуге белсене кiрiсу бүгiнгi күнгi негiзгi мақсат болуы тиiс. Осы мәселелердi ескере отырып болашақ мұғалiм - бүгiнгi студенттiң кәсiби компетенттiлiгiн аналитикалық химия материалдары арқылы экологиялық бiлiм бере отырып қалыптастыру мүмкiндiктерiн қарастырайық. Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасындағы қиыншылықтың алдын алу тек ғылыми дәлелмен ғана iске асады. Адамның табиғатқа деген қарым-қатынасын түбiрiмен өзгерту үшiн экологиялық бiлiм қажет. Табиғатқа деген қарым-қатынастың ерекшелiгi – адам ағзасын табиғи дене, табиғаттың бөлшегi деп түсiнуде. Табиғатты адам тiршiлiгiне пайдаланғанда оның тұрақты заңын, үйлесiмдiлiк ерекшелiгiн бұзбауға тырысып, табиғаттың ғасырлар бойы құралған мазмұнын қастерлей бiлуiмiз қажет. Ал оны қорғау негiзiне алынатын экологиялық проблемаларды шешу үшiн, адамның құндылықты бағдарын өзгерту қажет. Ол үшiн әртүрлi оқу пәндерiнен берiлетiн бiлiм мазмұнын ой елегiнен өткiзген жөн. Осы бағытта бiрталай жұмыстар жүргiзiлуде. Бiрақ олар әлi де болса әдiстемелiк тұрғыда жүйелеудi қажет етедi. ....
«Педагогика – білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым.» (А.М.Новиков)
Педагогика — «пайдагогос» (грек тілінде «пайд» — бала, «гогос» — жетектеу деген сөздерден құралған) — бала жетектеу деген мағынаны береді. Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мәні бойынша қазіргі кезде адам тәрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Жалпы XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек ? Нағыз ұстаз жарқын жүзді, баламен ашық сөйлесетін, ата-анасымен әрдайым қарым-қатынаста болатын адам. Оқушыға ұрсып түсіндірмей, керісінше оларға жақсы көңіл күй сыйлау керек. Заманауи мұғалім деп оқушымен дос , сырлас бола білетін, оларға энергиясыйлап, мотивация беретін тұлғаларды айтамыз. Әрбір маман иесіне , мейлі ол ұшқыш , мейлі ол дәрігер болсын өмір сүруді үйрететін педагогтар ғой. Педагогтардың....
Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді. Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет қағазға түскен қаулы-шешім негізінде бекітілген үкімет құрды. Мемлекетті басқару, қазақ елін дамытып-өркендету жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі жоспар-бағдарлама жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір жүйеге түсіріліп, ретке келтірілген жоспар-бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни, Алаш қайраткерлері осыдан сексен-тоқсан жыл бұрын қазақ халқы толық тәуелсіздік алған жағдайда елді қалай басқарып, қайтіп дамыту керек, ішкі-сыртқы саясатты қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты көрсетіп, белгілеп берген болатын. Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің осы айтып, жазып кеткен бағдарлама-жоспарларын біз әлі күнге жете оқып, зерттеп, оны қазіргі заманға ойдағыдай пайдалана алмай жүрміз. Тіпті, басқаларды қойғанда, саясатпен айналысып, ұлт үшін қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың да бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті өмірге қолданып жүр деп айту қиын. Болашақта Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен ой-идеяларын бүгінгі күнге практикалық тұрғыдан тиімді пайдаланудың жолдары мен жаңа мүмкіндіктерін ойластырғанымыз жөн. Мысалы, мен өз басым сонау тоқсаныншы жылдардың басында белгілі қазақ тарихшылары Әбу Тәкенов пен Мәмбет Қойгелдиев дайындаған Мұстафа Шоқайдың «1917 жыл естеліктерінен» атты кітабы Ыстамбул қаласына апарып, баспадан шығарып әкелдім. Бұл еңбекте Мұстафа Шоқай Қазақстан ерте ме, кеш пе әйтеуір тәуелсіздік алатынына кәміл сенген және тәуелсіздік алған жағдайда Қазақстан не істеу керек, қандай саясат жүргізу қажет дегенді жан-жақты талдап, атап көрсетіп берген. Тағы бір таңқаларлығы, Мұстафа Шоқайдың сол заманда айтып кеткендері мен енді ғана тәуелсіздік алған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жүргізіп отырған саясаты мен ұстанымдары бір-біріне өте жақын, ұқсас еді. Мысалы Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қандай қарым-қатынаста болу керек; Қазақстандағы орыстар және басқа да ұлт өкілдері жөнінде қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Ал Мұстафа Шоқайдың сол айтқандары Қазақстанда қазір айна-қатесіз толығымен жүзеге асып отыр. Тіл мәселесі туралы да осыны айтуға болады. ....