Бөлтірік Әлменұлы (1771 жылы)

Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.

Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бөлтірік Атыханұлы (1870-1928)

Бөлтірік Атыханұлы 1870-1928 жылдары өмір сүрген. Ақыны, жыршы, күйші. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында тұрған.

Құланаян Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне шұрайлы өлеңдерімен ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт, Үмбетәлі ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен.

Күйлері "Терме күй", Жыр күй", "Ән күй" шығармалары сақталынған. Ақын жырларының сақталуына үлес қосқандар Байниет Малыбекұлы, Қайырбек Мәңкеұлы, Садықожа Моштайұлы, Бура молда, Саурықов Сыдық, Әбдірасылов Шәуен ауыздан-ауызға жатқа айтып, ұрпаққа жеткізді. Академиктер Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, ғалымдар Сәрсенбі Дәуітов, Сағатбек Медеубеков ақын шығармашылығы туралы зерттеулер жазды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жылы 6 қазан)

Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жыл 6 қазанШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулы) - ақын.

1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .

1976 жылы Бақытжан Раисова С. М .Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов (1951 жылы 4 қазан)

Бақытжан Қанапиянов - 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды.

1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүние-жүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақытжан Алдияр (1974 жылы 20 қазан)

Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген.

Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

Ол көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Байғожа Баязитов (1929-1999)

Байғожа Баязитов (1929-1999) 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Ақынтоғай ауылында туған. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын Киров ауданындағы «Победа» мектебінде бастауыш сыныптарға мұғалім болып бастаған. Содан соң әр жылдарда Киров, Түркістан, Қызылқұм аудандарында, Арыс, Жетісай қалаларында орта мектептердің директоры, аудандық атқару комитеті жанындағы кәмелетке жасы толмаған балалар істері жөнінде комиссияның жауапты хатшысы болған. Медальдармен марапатталған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы)

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001).

Өмірбаяны
1996 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1998 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірді.
2000 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген.
2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қарасақал Ерімбет (1844 - 1916)

Қарасақал Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын.

Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған.

Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877 – 79 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.

Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы (1834 — 1897)

Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Біржан сал ауданы — 1897, туған жерінде) — Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер.

Өмірбаяны
Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.[1]

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қарақат Әбілдина (1978 жыл)

Әбілдина Қарақат - қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы. Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны
1978 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылында туған. Қазақ.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Домбырамен халықтық ән айту» классын педагог, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәуле Жанпейісовада; орындау шеберлігі бойынша аспирантураны (2004) педагог, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосыновта бітірген....
Өмірбаяндар (биография)
Толық