Қайрат Нұртас алғаш рет өзінің отбасылы екенін мойындады. Гәкку арнасына сұхбат берген әнші үйленгеніне 10 жыл болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.
2018 жылдан бастап Қазақстанда тарифтер қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Астанада өтіп жатқан 16-шы ERRA конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ, baq.kz сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алуға бекініп отыр. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ, Астана арнасына сілтеме жасап.
«БЖЗҚ» басшысының орынбасары Сәуле Егеубаева зейнетақы заңына өзгеріс енетін болса, қазақстандықтар зейнетақыны мерзімінен бұрын алып, оны оқуға, ипотекаға және еміне жұмсай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Баян Есентаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында басты рөлді Төреғали мен Ерке Есмахан сомдайтын жаңа комедиялық фильм жарыққа шығатынын мәлімдеді.
Ұлттық валютамыз келешекте ішкі нарықта толық үстемдікке ие болады. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі іссапары барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорындағы қаражатты Үкімет тек бюджеттің тапшылығына қарай қолданады. Бүгін ағымдағы жылды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.