Мұхтар Мағауин | Тазының өлімі

1

Сүлдерін сүйретіп басына бір, аяғына бір шықты. Үстін кіршіксіз таза ақша қар басқан кішкентай ғана төмпешік. Меңірейіп қалған. Жазда, алғаш үйілген кезінде әлі дымы құрғамаған қоянжон топырақтан жылы леп, мейірбандық есіп тұратын. Мүмкін солай көрінген болар. Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін. Төңіректеп жүреді. Қиыршық тас аралас сарғыш топыраққа тұмсығын тығып жіберіп, қорқырай дем алады. Сыздықтап әлдебір иіс білінетін. Сүйкімсіз иіс. Терісін сыпырып, аулаққа лақтырып тасталған түлкіден екі-үш күн өткен соң дәл осындай күлімсі леп шығар еді. Үстіне құрт-құмырсқа қаптап кететін. Тазы жеркене лоқситын-ды. Ал мына жас топырақты қаба дем тартқан кезінде бойын мүлде басқа сезім билейтін. Қолқаны атары рас, бірақ соның өзінде әлденендей таныс, жанға жақын бірдеңе бар. Не екені де белгілі. Шіріген етпен аралас, мұрынға болмашы ғана лебі жеткен иіс – иесінікі. Ол осы арада жатыр. Қисынға келмейтін нәрсе, бірақ анық солай. Өз көзімен көрген. Тазының бойы жеңілейіп, еңсесі көтеріліп қалатын. Алысқа ұзаған жоқ қой әйтеуір. Ертең-ақ оянады. Қашанғы жата берсін... Енді міне, сол белгінің өзі жоғалыпты. Бәлки, тұрып кетіп қалған шығар. Мүмкін, ендігі үйде отырған болар? Жоқ. Қар түнде ғана жауды. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Мағауин | Бір атаның балалары


Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады.

Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты...

Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кәрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нәрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем...

Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған, тумай жарығы өшкен сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілеріне жанын жұбатар бір шумақ жырым.

Автор

.....
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2.02.1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Білімі
1.2 Қызмет жолы
2 Шығармалары
3 Дереккөздер
Өмірбаяны

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шүбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас .....
Рефераттар
Толық

Мұхтар Мағауин

Дүниеге келгені: 1940 ақпан
Семей облысы, Шүбартау ауданы
Мансабы: жазушы

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде........
Рефераттар
Толық