Қадыр Мырза Али (Ашу)

Әу бастан-ақ үлесіне тиген бе,
Әдемі қыз ақмақ жанды сүйгенде;
Дұрыс сөздің дұрыстығын дәлелдеп
Өткізе алмай,
Жаның әбден күйгенде;
Жүлде тимей дәл ататын мергенге,
Жанкүйерлер болған кезде шерменде;.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ащы)

Түз желіне желбіреткен тұлымын,
Тұзды жердің, тұзды судың ұлымын.
Өтіріктің алдында мен патшамын,
Ал бірақ та ақиқаттың құлымын.
Түгім де жоқ тындырған, не қиратқан,
Кен іздеймін қыраттар мен бұйраттан.
Тұзды жердің ұлымын мен.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Автопортрет)

Аты мәшһүр адамға елінде тым
Аударады назарын келім-кетім.
Аварлардың жеріндей
Негізінен
Тау-мұрыннан тұрады менің бетім.
Қырық жасым — көктегі қырық қыран,
Ұқпағанға түбінде бір ұқтырам. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ақын ана)

Жастық кезде жарасады сән ойлау.
Жарасады,
Керек бірақ абайлау.
Қарап тұрсаң,
Нардың жүгін көтеру
Жардың жүгін көтеруден оңайлау.
Жарқылдатып алтын алқа тағынар,
Жалғыз пірің жастық еді-ау табынар......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Даңқ)

Даңқ! Даңқ!
Таң қаламын мен саған.
Жастар мынау,
Қарттар анау қаусаған.
Бір жалт еткен ұшқыныңнан тұтанып,
Бәрінің де жанары оттай самсаған.
Сен сондасың қайда болса асыл кен,.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Менделеев кестесі)

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты)

Қазына емес, сұлулықпен бай халық
Кете алмайды, осы араға байланып.
Дара тау боп қол бұлғайды Қара тау,
Сағынышы сары алтынға айналып.
Көкжиекке жетем десең сен егер,
Көк мұнарға сіңеді аппақ кемелер.
Келіншектің ақ төсіндей алқалы
Кеудесіне жүзім таққан төбелер......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Явалықтар көтерілісі)

Ашу мен кек іркіліп,
Бойға қуат құя ма?!
Джунгли боп бір күні
Бас көтерді Ява.
Ұран тастап әр үйге
Қару алды ер кіндік.
Өмір қымбат, әрине,
Одан гөрі еркіндік!
Бұзып заман түрмесін,
Буырқанып, қақ дабыл!
Отаршылдық іргесін
Солқылдатты көк дауыл. .....
Өлеңдер
Толық