Қадыр Мырза Али (Әттеген-ай)

Ойнадым, ойнадым,
Ойынға тоймадым.
Шегім де бұралды,
Сонда үйге оралдым.
Мен жоқта үй іші
Екі рет шәй ішіп,
Тамағын пісіріп,
Табаққа түсіріп,
Өздері тойыпты,
Маған аз қойыпты.
Ет екен демедім,
Өкпелеп жемедім. Ал апам күлді де,.....
Өлеңдер
Толық