Мұхтар Шаханов - күрескер ақын
Мұхтар Шаханов Ұлы Абай сияқты күресіп жүр. Ол Абай сияқты қазіргі таңда бір жалғыз өзі мыңмен жалғыз алысып , күресіп жүр. Ол өз ана тілін білмейтін , білсе де менсінбейтін «мәңгүрт» адамдармен күресіп жүр. Абайдың заманында бәрі өз тілін білетін, құрметтейтін , жоғары бағалайтын . Ал, Мұхтардың заманында бәрі керісінше. Абай ақын Мұхтардың заманында өмір сүргенде қайтер еді? Не тыңдырар еді? Мұхтар өз заманында істеу керектің бәрін істеді, айту керектің бәрін айтты , ештеңені жасырмады. Бұл заманның адамдары өз ана тілінде сөйлемейді, сөйлесе де шұбарлап , былықтырып , быттастырып , тамаша сөздің сәнін, мәнін кетіріп сөйлейді. Сол жандарға Мұхтар ақынның жаны қатты ашиды, жүрегі ауырады. Ол өз жүрегінің ауырғанына қарамай , басқалардың жүрегін емдеуге тырысады. Олардың жүрегіне «қазақ тілі», «қазақ елі» деген дәрілермен ем жасайды. Бұл дәрілер ең қымбат , таптырмайтын дәрілер . Бұл дәрілерді тауып беру үшін –ол жанын береді. Ол сол дәрілерді өз жанынан , рухынан шығарады. Мұхтардың қай өлеңін оқысаңда , онда қазақтың мұңы , тағдыры жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан жалғыз перзент. Ол қазақтың ұлттық төл мейрамы «Наурыздың»тойлануына алғаш боп ықпал еткен ақын. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күнін »біраз уақытқа тойламай қалды. .....