Мұхтар Шаханов (Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек)

Замана тұр бөркiн алып ойланып,
Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып?
...Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң
Он ceгiзгe толған күнiн тойладық.
Мен қуана тост көтердiм қызға арнап:
- Ал сапарың сәттi болсын, қызғалдақ.
Өмip мынау:
Қатар тосқан жеңiлi мен ауырын,
Қайғысы мен сауығын,
Шуағы мен дауылын......
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жайықпен жүздескенде)

Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын.
Кім шертпеді саған келіп шаттығын,
Кім жумады саған келіп айыбын.
Ғұмырында қозғалыстан таңбадың,
Заманалар қанатында самғадың,
Ғасырлар мен ғасырларды жалғадың,
Айтшы маған, бар ма сенің арманың?
Қуат-күші сендегі ұлы дарынның
Орталанса қайтер еді, Нарын құм?
Жадыратып сен ашпасаң қабағын, .....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Қырғыздар мен қазақтар)

Шаттықта да бірміз,
Қайғыда да бірміз,
Бір тамырдан қуат алған егіз, туыс гүлміз.
Бірімізді екіншіміз қолдап, сүйеп жүрміз
Алатауды алып құсқа балар болсақ
Сол құстың
Бір канаты қазақ та, бір қанаты қырғыз. .....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Тоқшылық)

Ол ауылдың қадірмен диқаны еді,
Кеудесіне кең дала сыйған еді,
Кең даланың мәрттігін жиған еді.
Көңілі түскен адамға қажет кезде
Жалғыз атын ойланбай сыйлар еді.....
Өлеңдер
Толық