Ми жұмысын арттыру үшін

1. Жаңа орын
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иіс
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хош иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз. Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз – бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі......
Кеңестер
Толық

Төлеген Айбергенов (1937 - 1967)

Дүниеге өзінің аппақ, тап.таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітірген соң, 1965 жылға дейін мектеп
мұғалімі, мектеп директоры болды.
Төлеген Айбергенов алғашқы жазған өлеңдерінен.ақ қазақ поэзиясына тың серпіліс, жаңа бір екпін әкелді. Оның туған жерге деген сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы өлеңдері 1961 жылы шыққан жас ақын.жазушылардың "Жас дәурен" жинағына кірді.
Бұдан кейінгі "Арман сапары", "Өмірге саяхат" (екеуі де 1963 жыл), "Құмдағы мұнаралар" (1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Бір тойым бар" (1981, 1989) жинақтарында замандастарының бейнесі, ол аралаған қазақтың өлкесінің сыры мен кені, даладағы ұлы тіршілік ақынның бір жапырақ жүрегінің.....
Рефераттар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ғылыми жоба


Заңгер-оқытушы біліктілігі бойынша өзі әдебиетті оқыған оқу орнынан 4 жыл оқып екінші рет жоғары білім алып шыққаннан кейін, әдебиетпен бірге мектептегі құқықтану пәнінен де сабақ бере бастаған еді. Енді осы пәннен ғылыми жоба дайындатқан шәкіртін аудандық ғылыми жобалар жарысына алып баруы керек. Былтырғы дайындаған шәкірті аудандық ғылыми жобалар жарысынан өтіп, одан әрі облыстық ғылыми жобалар жарысына қатысып қайтқан болатын. Ол құқықтану бойынша аудан оқушылары арасынан облыстық ғылыми жобалар жарысына қатысқан тұңғыш шәкірт еді. Жүлделі орынға іліге алмады. Бұған жұмыстағы қателік себепші болды. Ал мына аудандық ғылыми жобалар жарысына дайындап алып барғалы отырған шәкірті - екінші шәкірті.

Қыс ортасында жауған жаңбыр көлік қозғалысын шектеп тастауына байланысты, бұлар аудан орталығына тек түс әлетінде ғана жете алды. Бұл кезде аудандық ғылыми жобалар жарысы қорғалып кеткен еді. Әдіскер мұның не себепті кешігіп келгенін сұрап алғаннан кейін: "Біз түске дейін құқықтанудан түскен ғылыми жобаларды қарап шықтық. .....
Әңгімелер
Толық

Мира Сембайқызы | Жәрдемақы жыры


Биыл қыс ерте түсіп, қалада жеке жұмыс берушілерде, кімдерге бұйыратыны белгісіз көпқабатты сансыз үйлердің кірпішін қалап, отбасын асырап жүрген Мұқыш жұмыссыз қалды. Ауылдағы бес баласына алатын жәрдемақы, әйелінің айтуынша, бір қап ұн мен бір баллон газ алуға және жарықтың ақшасын төлеуге ептеп-септеп жетеді екен. Бұған да шүкір. Бүгін таңғы ас кезінде әйелі бір әңгіменің шетін шығарды.

— Ана Түкеш бар ғой, соның әйелі «көп балалы» дегеннен өзге тағы да төрт баласына жәрдемақы алады екен.

— Иә, сонымен?

— Мен де құжаттарды жинап, сол жәрдемақыны жасатып көрсем қалай болады? Ең болмаса күн жылынып, сенің жұмысың қайта басталғанша бір себеп болар? — деді күйеуіне сұраулы жүзбен қарап.

— Әй, ол үшін мал басын есептейді деп еді… бізге шыға қояр ма екен? — деп Мұқыш сенімсіздеу жүзбен әйеліне қарады.

— Түкештердің бес сиыр, жиырма шақты қой-ешкісі бар ғой. Сонда да алады. Оларға қарағанда бізде мал басы аз ғой. .....
Әңгімелер
Толық

Эрнест Хемингуэй | Килиманджаро қарлы тау

Килиманджаро - биіктігі 19710 фут, басын мәңгі қар басып жатқан тау, дәлірек айтқанда, Африканың ең биік шыңы. Масай тайпалары оның батыс шыңын "Нгайэ-Нгайэ" деп атайды екен, мұның мағынасы Тәңірдің тұрағы немесе құдайдың қонысы деген сөз. Сол шыңның құзар басында мерт болған қабыланның мұздап қатып-қурап қалған сүйегі жатыр. Осынау қарлы құзға қабыланды не айдап барғанын тірі жан білмейді.

— Бір ғажабы бұл дерт мүлде жаныма батар емес,- деді ол.- Әбден асқынып, меңдегенде ғана білінеді ғой деймін.

— Тіпті еш жерің ауырмай ма?

— Еш жерім ауырмайды. Тек қолқаны ататын мүңкіген иісі демесең. Енді ол жағын кешірерсің. Жүрегіңді айнытып тұрған болар.

— Олай деме, қайтесің олай деп.

— Аналарға қарашы,- деді енді сырқат,- Міне қызық, бұларды қай Құдай айдап әкелді? Құр тамашалау үшін қалықтап жүр ме екен, әлде иісті сезді ме екен бұл жыртқыштар.

Ол жатқан кереует қалың жапырақты мимозаның саясында тұрған еді. Осыдан күн нұрына шомылған жазықты кеңірек шолып әрі қарай көз жіберді де, ол анадай жерде қоқиланып жүрген үш құзғын құсты көрді, ал енді бірнешеуі аспанда қалықтап жүрді де қойды. Олардың тек жерге түскен көлеңкелері ғана тез-тез зымырағандай. - Машина бұзылған күннен бері олар сумаңдап осы маңнан кетпей қойды, - деді ауру. Бүгін бұл құзғындар бір нәрсені сезгендей жерге жалпиып-жалпиып қонып алған. - Алғашында мен болашақ әңгімелерімнің бір жеріне қыстырып жіберуіме септігі тие ме деген оймен олардың бар әрекетін бақылаумен болған едім. Бақсам, олай ойлауымның өзі ағаттық екен. .....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Жылқы аттас фамилия

Отставкадағы генерал-майор Бульдеевтің тісі қатты ауырды. Аузын арақпен, коньякпен шайқап, ауырған тісінің түбіне темекі, апиын, скипидар, керосин басты, ұртына йод жақты. Құлағын спирт шыланған мақтамен тығындап алды, қайткенмен осылардың ешқайсысының да мүлкінің тізімін әкеп көрсетті. Текті жерден шыққан адам, ол жағынан ондай-мұндай деп жаман атаудың өзі - күнә. Шынымды айтсам, өзі маған ұнады. Менімен екі ай саудаласты. Мен оған сегіз мың сом беремін, ал ол сегіз жарым сұрайды. Саудаластық, саудаластық шайға отырып алып, он бес стақаннан ішіп, соның өн бойында саудаласа беретін кезіміз де болды. Мен оған екі жүз сом қостым, болмайды! Сөйтіп, үш жүз сом үшін айырылысып кеттік. Кетті байғұсың, жылай-жылай... Тым жақсы көруші еді Дашаны! Өзімді-өзім жерлеймін енді, кінәлімін, қатты ренжимін. Оған үш жүз сомды берсем немесе бүкіл қалаға масқара қыламын деп қорқытсам, не болмаса қараңғы бөлмеге кіргізіп алып тұмсыққа соғып - соғып жіберсем болатын еді ғой, жаза басып қалдым, ақымақтық істеп алғанымды енді көріп отырмын. Қайтерсің, Никодим Егорыч, ынжықпын!

— Жуассыз тым. Бұл рас. Жә, болды, қайтатын мезгіл жетті. Басым зеңіп кетті... .....
Әңгімелер
Толық

Василий Шукшин | Микроскоп

Осыған бел байлауы керек еді. Солай істеді де. Ол үйіне келді: есі шығып, өңі қашып кеткен әйелінің бетіне қарай алмастан:

— Әлгі... Мен ақшамды жоғалтып алдым, – деді бұл мезетте оның (қисық әрі дөңес біткен) сарғыш мұрыны қып-қызыл болып кетті. – Жүз жиырма сом.

Аузын ашып аңырып қалған әйелі сенер-сенбесін де білмеді: қалжыңы шығар деп ойлады. Жоқ, бұл қисық мұрын ешқашан қалжыңдап көрген емес-ті, қалжыңның не екенін де білмейді.

— Қайда жүріп? – деді әйел тұтқиылдан. Бұл не дерін білмей, күрмеліп барып:

— Қайда қалғанын білсем, іздеп барып алмас па едім.

— Жоқ! Оның болмайды! – деп шаптықты әйелі, – Бұл тәлкегің енді ұзаққа бара қоймас! – Пештегі ұзын көсеуге қарай ұмтылды. – Табандатқан тоғыз ай толғаттырамын, жексұрын!..

Ол әйелінің соққысын тойтармақ болып төсек үстіндегі жастықты алды. (Бұрынғылар жарқ-жұрқ еткен қалқанына сиынатын еді. Бұл жастықпен жасқайды!) Екеуі бөлмені шыр айнала сайысып жүр...

— Байқа, жастықты былғайсың! Жуатын өзің!..

— Жусам, жуамын, қисық тұмсық. Екі қабырғаңды сындырамын, сындырмай тынбаймын.

— Әкел қолыңды, уәде ме!

— Шама-шарқың белгілі, қисық тұмсығым! .....
Әңгімелер
Толық

Иван Бунин | Митяның махаббаты екінші тарау

Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.

Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:

— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!

.....
Әңгімелер
Толық

Иван Бунин | Митяның махаббаты

Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.

Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:

— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!

Митя күлмеуге тырысты, іштегі мақтанышы мен болар-болмас ренішін жасырып, төбесінен төніп тұрған Пушкинге қарап: .....
Әңгімелер
Толық

Эрнест Хемингуэй | Шал мен теңіз

Шал Гольфстримге қайығымен бір өзі ғана шығып жүрді. Міне, сексен төрт күн болды, теңізге күнде шығады, бірақ қармағына әлі де ештеңе іліккен жоқ. Бастапқы бір жарым айдай уақыт бойында бұған бір бала серік болған еді. Күн өте берді, қолға балық түспеді, содан соң баланың ата-анасы күдер үзіп, бұл шалды "жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ" десіп, балаға енді басқа қайыққа ауыс деп әмір еткен-ді. Басқа қайыққа барғанда баланың жолы болып, серігі мен екеуі алғашқы аптаның ішінде-ақ үш ірі жайын ұстаған-ды. Шалдың жағаға күнде құр алақан оралғанын көргенде, бала оны қатты аяп, жаны ашитын; балықшының багор, гарпун секілді құрал-саймандарын, қайық үстіне құратын желкенін қарияның үйіне көтерісіп жеткізіп салу үшін ылғи алдынан шығатын-ды. Қарттың қайығының үстінде шиыршықталып жататын, он бойына кенеп жамау жапсырылған қырық сұрақ желкен — бейне тас-талқаны шыққан жасақтың құлаған туы сияқтанып елестейтін көзге.

Шал — титықтаған арық кісі еді; маңдайы, мойыны арса-арса; бетіне күрең-қоңыр дақтар түсіп, өңі шұбар тартқан, мұндай дақтар ыстық жақтардағы теңіз бетіне түскен күн сәулесінің адамның өңіне шағылысуынан пайда болады......
Әңгімелер
Толық