Менің елім - мәңгілік ел!

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі.

Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.....
Эсселер
Толық

Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.

Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!

Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"

Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.

Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!.....
Эсселер
Толық

Менің нағашым

Менің нағашым Бауыржан Бабажанұлы 1969жылы 21 ақпанда Қарқалпақстан Республикасы Қоңырат ауданы «Ленинизм» деген ауылда дүниеге келді.Әкесі Бабажан ауылда зоотехник,анасы қарапайым жұмысшы.Үлкен ағасы,өзінен кейін інісі және екі апасы ,бір қарындасы бар. Жастайынан жыр тыңдап,өлең жазып әдебиетке қызыққан 1986 жылы мектеп бітіріп арман қала Алматыға барды.Бірақ сол жылы түсе алмай ,ауылына қайтіп келеді. Өзі тұратын ауылында совхозға қарапайым жұмысшы болып істейді. 1987жылы қайта оқуға барады бірақ түсе алмай күзде әскер қатарына қосылады.Сонымен 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің фиология факультетіне оқуға түседі. Осы студент кезінде анасын қатты сағынса керек, «Ауылға хат» деген өлеңі туындайды

Ай, Күнге ұлын балаған,

Арманы биік, еңселі,

Жанымның нұры-жан анам,

Сағынып жүрмін мен сені.

Бесінгін Ардың тербедің,

Сананың көзін жарық қып.

Жұтаңдау,жарлы дүниені,

Қанағатыңмен қарық қып.......
Шығармалар
Толық

Замануи білім – менің болашақ капиталым

Мен, Амангелді Дияр, Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы жедел оқиғалар заманында, белсенді төртінші өнеркәсіптік революция даму үстіндегі мемлекетте өмір сүрудемін. Замануи білім - менің бастапқы капиталым екенін саналы түрде түсінемін, оның негізінде болашақта өмірлік және кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Болашақта жоғары білікті маман болғым келеді. Әрине, бірінші сыныптан бастап ата-анам маған ұстамдылық, тәрбие, қайсарлық, ұқыптылық, тәуелсіздік, көшбасшылық деген қасиеттерді бойыма сіңіруде. Болашақта кез-келген кәсіптік мәселелерді тиімді шешуді үйрену үшін үнемі өзіммен жұмыс жасаймын және кейбір пәндер бойынша жеке қасиеттерімді дамытудамын.

Еліміздегі білім берудегі төңкерістер тиісті уақытта болып жатыр деп санаймын. Біз білім мен дағдылардың негізін жинай бастадық, өмірлік жағдайларды сабақтарда шешеміз, ол педагогикалық тілде «функционалдық сауаттылық» деп аталады екен. Білім беру капиталы жан-жақты дамыған, мәдениетті тұлғаны талап етеді. Замануи білім - адамның өмірлік табысы, күнделікті наны, жанның әл-ауқаты, рухани бай мәдениетінің дамуының кепілі болып табылады. Әрине, қазіргі әлемде сіз байып кете аласыз, бірақ «білімсіз кәсіпкер» ретінде қаншалықты ұзақ өмір сүруге болады?. Мен небәрі 14 жаста болсам да, кез-келген қоғамда білім деңгейім белгілі бір орынға ие болатынын анық түсінемін, сондықтан шапшан өзгерістер толқынынан қалмауды жөн көремін. Болашақта мен ата-ана болғанда, ұрпағымның мәселесін шешуге көмек бере алмайтын, ақыл-парасатсыз жағдайға душар болғанымды қаламаймын......
Эсселер
Толық

Шәкіртімнің ертеңгі жетістігі – менің бүгінгі тәлімімнің нәтижесі!

"Білім – парасатты, ол – бір ағын,

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын.

Ұстаз деп қоғам әр кез танитұғын,

Қастерлі, қасиетті – ол мұғалім"

Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.

Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі......
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық

Менің ұстанымым

Ұстаным - түсіне білгенге, адамның бет - бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе!? Адамдарды ұстанымына қарап, оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін пайымдауға болады. Кей кездері керісінше, соншалықты қарабайыр екені де байқалынып қалады. Мен өз ұстанымым туралыы ой өрбітсем: «Ешкімнің ала жібін аттамау», «Сырға берік, досқа адал жақсылыққа жақын болып, адамдарға болысу» мұраттарын көздедім. Адам болып дүние есігін ашқан соң, адам боп қалу борышымыз емес пе?! Қалай ойлайсыз, келісесіз бе?! М. Хакімжанова жырлағандай: «Сан ғасырдың айғағы өзгермейтін, Сен адамның досысың мәңгі өлмейтін...» Бір күрсіндіретіні, бүгінгі дүбірлі дүрбелең әлемде кісілік азайып бара жатқандай көрінеді. Мектепте, көшеде, тіпті қоғамдық орындарда дарақыланып күлген, даңғазашыл құрбыларымды көргенде, өзім жерге кіре жаздаймын. Мейлі, күлкілі жайт болған да шығар, соншама дабыра етудің не қажеттілігі бар десеңізші!.. Ол ол ма? Үлкенді сыйламақ түгілі, қағып құлата жаздайтындар көбейгенін ешкім жоққа шығара қоймас!.. Халқымыздың «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,.» деген өрелі сөзі ескеруден қалып бара ма өзі, қалай ?.. Ал менің алтын қазық бағыт-бағдарым: «Болса- дағы қиындық алда небір, «адам болу» мұратым қала берер!» Әр заман өз ойшылдарын тудырады. Бар ғұламаның айтар асқақ арманы, ізгі мұраты - білім жауһарларын теріп, адамзатты игі істерге жұмылдыру.

Йасауи хикметтері, Қашқари ата сөздігі, Рабғузи қиссаларынан адами мұраттарды көксеген бабалардың арман- мұраттарын танып білгендей болдым. Адамзат атаулы бар жерде «кісілік», «парасаттылық» өз мәнін жоғалтпасы анық! .....
Эсселер
Толық

Менің балалық шағым

Менің балалық шағым Әр адамның қызыққа толы балғын шағы болады.Ол әрине біздің балалық шағымыз.Балалық шақтағы біздің іс әрекетіміз,ойынымыз естен кетпес қызыққа толы күндер болып артта қалуда.Әр адамның жүрегінде бұл естеліктер мәңгі сақталары анық.Біздің балалық шағымыз біздің дастанымыз,шытырманға толы хикаямыз. Жылдар зымырап адамдар ер жеткен соң балалық кезің аңсайтын болады.Ол кездегі достары,көңілді ойындары мен бастан кешкен талай балғын шақтары арқылы, жүрегімізде маңызды бір ерекше орын алады.Ол кездегі балалықпен істеген тентектігін мен бұзақылықтын өзі керемет қой ,шіркін.

Мен өзім бір отбасының жалғыз ерке қызы болып өстім.Балалық шағым қызық бір дастан дерсін.Балалық кездегі жасаған істерім,балалармен ойнап,көңіл көтергенім әлі есімде.Кейде сол естеліктерді еске алсам,қайтадан сол балалық шаққа оралсам ғой шіркін деп армандайтын кездерде болады.Біз балалық шағымызда асыр салып ойнап,көп көңіл көтеретінбіз......
Эсселер
Толық

Менің туған өлкем

Мен, Байғанина Аружан, Қазақстан Республикасының жас азаматшасы, туған өлкеме деген үлкен құрметпен, асқақтаған патриоттық сезіммен эссе жазғалы отырмын. Осыған түрткі болған еліміз орналасқан Орта Азияның қайталанбас ұлан-ғайыр, ұшы-қиыры жоқ, гүлі құлпырып өскен, ажарлы, көрікті де бай табиғаты. «Қараңызшы, мына Қазақстан даласы қандай адам айтқысыз әсем және бай. Қанша еркіндік, қанша жер. Айтуға ғана оңай... Мұндағы байлық қанша десеңші!» көптеген ақын-жазушылар өзінің бүкіл ғұмырын осы табиғатпен байланыстырып, бар еңбегін де соған арнаған. Сондықтан Орта Азия табиғатының бүкіл сұлулығын қазақ әдебиетінен де көруге болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне табиғат лирикасын жазды. Әрқайсысын суреттеп, әр мезгілдің өз ерекшелігін, сұлулығын көрсеткен шебер адам. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әр мезгілінің кескінін аса шеберлікпен суреттегенін көре аласыз. Жаратылыстың ыстық жазын, түсі суық, тұманды күзін немесе бет тістеген аязы мен қарлы боранын өзіңіз көріп тұрғандай боласыз. Менің туған өлкемде Абай жырлаған табиғаттың төрт мезгілі де орын алады.......
Шығармалар
Толық

Менің педагогикалық ұстанымым

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Шығармалар
Толық