Әлеуметтану | Қала мен ауыл село адамзат мекенжайының тарихи түрлері

Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді.
Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз. ....
Рефераттар
Толық