Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені... Көрмейсің ғой кереметті мендегі. Түсінсеңші сарсаң болған пендені, Түсінсеңші! Ақыл-ойым кем бе еді?! Hегe бұлай? Heгe жүрміз көңілсіз? Кетем бе деп қапаланып өмірсіз Шын ғашықпын....
Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай. Мына дүние неге жатыр үндемей?! Алаулатып тойдың.....
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп....
«Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатқан Мұқағали ақын 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Аспан тіреген Ақбас шыңдар, айналасын қарағайлы таулар, аршалы белдер қоршалай көмкерген Шалкөденің жазығы, жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры, мөлдіреп аққан қасиетті Қарасаздың сылдыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді.
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды.....
Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев. ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын. 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр. Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды.....
Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев. \1; 3\ ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын. \2;Жетісу\ 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр. Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілін оқу-тоқуға ден қойып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кезі еді. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші Б.Кәрібозұлы «Қазіргі қазақ өлеңдерінінң жапырағын жайқалта түскен 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмүнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі,публистикалық сипаттың молаюы, ақындардың даралық ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге біріңғай бет бұруы 1960-жылдан басталып, күні бүгінге дейін жалғасын келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері»\1;88\.- деп баға береді.Осы кезеңде поэзияда қалам тербеген ақындарымыз алдыңғы аға буынға қарағанда тақырып аясы кеңіп, тақырыптық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшеліктерімен, поэзиядағы ірі қадамдарымен көріне бастады.....