ЖАБАҒЫ - бұл есім о бастағы көне түркі тілінде ябғу — патшанын, хағанның орынбасары деген сөз. Жабағы сөзі осымен қатар: — бір жасар құлын; түйе мен қойдын жабағы жүні деген мағынаны да береді.
ЖАБАЙ — көне түрік тіліндегі ябгу-жабгу патшанын хағанның орынбасары деген мағынаны білдіреді.
ЖАБАЙХАН - көне түрік тіліндегі жабай + хан. Ханнын, хағаннын орынбасары деген ұғымды береді.
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді. Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік. ....
Бір көп мағыналы сөздің ішінде қарама-қарсылыққа негізделген семантикалық байланысты көрсететін аспект ретінде қарастыратын құбылыс – сөзішілік байланыс, энантиосемия. Қарама-қарсылықтың осындай ерекше түрін алғаш ашып зерттеген В.Шерцль болатын. Ғалымның пайымдауынша, түбірлер және олардан пайда болған сөздер ежелгі дүниеде жалпы, ортақ, өте кең және көмексі мағыналы болған. Сол сөздерден уақыт өте келе әр түрлі реңдердің және өзіндік категорияларға бөлінудің нәтижесінде бірдей бір салаға жататындығына қарамастан, бір-біріне қарама-қарсы мағына бере бастайды. «Так из общего значения идти, двигаться», могли образоваться более конкретные «приходить» и «уходить» и. т.д. /Л.Новиковтан алынды/». Жоғарыдағы пікірді жандандыра түсу үшін, сонымен қатар осы құбылысты сипаттаудағы терминдерді тәртіпке келтіру мақсатымен кейбір ойларды ортаға салсақ дейміз. Семантикалық қарама-қарсылықты туындатудың бірден-бір оңтайлы әдісі деп В.Шерцльден соң Б.Г.Бобылев энантиосемияны айрықша атап өтеді. Алайда ғалымның зерттеген құбылысының өрісі энантиосемиядан тар. Айды аспанға бір шығарды - 1. Даңқы жер жарды, аты шықты, даңғазалай жария етіп, таң қалдырды. Мұндағысы оның атақты саудагер Көк Орда ишік-атасы Мұхаммед әкім әл Таразидің мұрагері бар екен деп, жер-жиһанға дәріптеумен қатар, айды аспанға шығарға той жасап, атақ құмар саудагер, өзінің атын да өзгеге таныту еді /І.Е./. 2. Жағымсыз, ұнамсыз мағынада орынсыз әрекет еткен кісілерге қатысты берілген баға. Бүгін… бүгін, көрсетуіміз керек. Айды аспанға бір шығармасақ па?!/Т.А./. Исіну 1. Жылқының сүт беруі; 2. Жылқының сүт бермеуі; (Бұл сөздің еш бағалауыштық қасиеті өзгермей-ақ қарама-қарсы мағынада жұмсалуы жайында Х.Нұрмұханов «Сөз және шеберлік» еңбегінде тоқталған болатын). ....
Кіріспе. Таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысқа кірісер алдында,менің алдыма қойған мақсатым, осы Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Қаратау қорығын барша Қазақстандықдарға таныстыру, онда сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды зерттеу және экологиялық жағдайлары мен қорғау шараларын ұйымдастыру. Менің ойымша, бұл міндеттердің талдауы мен білімі осы саладағы меннің болашақ жұмысыма көмек болады деген үміттемін. Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы қажалатын жеріміз қандай кең болса, Аллаға шүкір, соның асты да, үсті де табиғат байлықтарына өте бай. Біздің Қартау өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған. Ол өзінің байлығы мен сұлулығы арқылы жұртты әр уақытта қызықтырады, тамсандырады. Ал енді Қаратау қорығын – баршамыздың ортақ борышымыз. Республика деңгейінде Қазақстанның экономикалық жағдайын дамыту барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі. Жақын арада қабылданған Қазақстан Республиқасы Президентінің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңыңда күзету және қорғау туралы 29-бапта былай делінген:....
Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық Мақсатым: * Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау. * Қазақ ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу. * Қазақ ұлттық ою - өрнектердің мән - мағынасын білу. * Қазақ ұлттық ою - өрнектерді ұрпақтарға жеткізу. * Қазақ ұлттық ою - өрнек шеберлерімен танысу. Міндетім: * Отаныма, өз еліме адал қызмет ету. * Болашақта қазақ ұлттық ою - өрнектерін танытып білу. * Балаларға қазақ ұлттық ою - өрнектердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. .....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес. Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет. Жұмыстың мақсаты: Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау. Жұмыстың міндеттері:....
Кіріспе Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады. Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе.....
Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады. Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе. Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиттану ғылымында соңғы кездері мифтер мен аңыздардың көркемдік қызметіне жан-жақты талдау жасалынып, ғылыми тұрғыдан зерттеліне бастады. Белгілі зерттеушілер: М.Әуезов./1/ ,З. Қабдолов /2/ , С. Қирабаев /3/ , Т. Кәкішов /4/ , Р. Бердібаев /5 /, Ш. Елеукенов /6/ , Ж. Дәдебаев /7/ , З. Бисенғали /8/ , Б. Майтанов /9/, А. Жақсылықовтар /10/ аңыздар мен мифтердің көркем шығармалардағы көркемдік қызметіне жан-жақты тоқталып қарастырды. Сонымен қатар А. А. Мәуленовтың /11/, Ж. Аймұхамбетованың /12/ , А.Н. Ғалиевалардың /13/ кандиттатық диссертацияларында бұл тақырыптар жаңа қырынан танылып, біршама еңбектер негізінде жазылғандықтан соны ой-тоқтамдарға толы десек болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде Ә. Кекілбаев /14/, М. Мағауин /15/, О. Бөкеев /16, 17, 18/, С. Жүнісов /19/ , Д. Досжанов /20/, А. Алтай /21 / өз шығармашылықтарында аңыздық-мифтік желілер негізінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әлем әдебитінен бастау алған мифтік шығармашылық шығарманың көркемдік құндылықтарын ерекше бір реалистік тұрғыда суреттеп – шығарманың танымдық қаситетін арттыра түсті. Бұл еңбекте Ш. Уәлиханов /22/, Г. Е. Мелетинский /23/ , В. Пропп /24/ , В. Еремина /25/, М. Бахтин /26/,С. Қасқабасов /27/, С. Қондыбаевтардың /28/ еңбектеріндегі теориялық тұжырымдары арқылы бұрын зерттеу нысанына айналмаған көркемдік шешімі мен образ сомдаудағы ықпалы, тынымдық белгісін арттырудағы әдеби-эстетикалық қызметін ғылыми негізде дәлелдеуге тырыса мыз. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік шығармашылықтың атқаратын көркемдік аясын ашу арқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизмнің орнын бағдарлау. Мифопоэтика туралы теориялық зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, жазушы шығармашылығындағы мифологизмнің көркемдік-идеялық қолданысына назар аударту жұмыстың басты мақсаты болып табылады.Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер басшылыққа алынады: ....