Бір қаладан шығарып, Азғантай елді қақ жарып, Шойын жол сала бастап ед. Өтіп кетті талай жыл, Бітті ме екен сонау жол? Пұл жетпей баста тастап ед. Өтінішім, інішек, Сол жаққа барсаң.....
Түн бойынша сақ төбет, Үріп шықты шарқ ұрып, Жауды біліп аңдыған. Ac бермеді бәйбіше: «Үрдің,- деп,- босқа құр кеше, Барқылдақ,-деп,- алжыған!» Түн болды тағы.....
Зор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз, Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз. Өз құлын өзі еңіретпес тура Ие деп, Өзіңе ерік тізгінін береміз біз. Ауыздан Алла атыңды тастамаймыз, Алласыз ешбір іске бастамаймыз. «Әділ хан, бұйрығыңа бойсұндық»- деп, Бұйрықсыз бір адым да аттамаймыз. Кеш, Тәңірім, болса сөзім......
Жарық сәуле, Айды, Күнді көрмеймін, Жарты өлік, толық өмір сүрмеймін. Қуанышты, азат жүрген халықтың He істегенін, не дегенін білмеймін. Қор болды ғой қалың.....
Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды, Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды. Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп, Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды. Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде, Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде Жас бала. Жолдасым жоқ, жапа-жалғыз Мен келе жаттым батып қанды терге. Көзімнен жас ақпады........
Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып, Бұғып жүр қараңғылық бетін басып, Толсаң да солсаң-дағы айрылмайтын Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып. Далада жолаушыға сен жолбасшы, Егерде жазатайым жүрсе адасып. Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің, Жүресің жылжып қана әсем басып. Ажары ақ жамбыдай......