Мен онымен сол тойда таныстым
Мен онымен сол тойда таныстым. Ол той - мен жақсы көрген жігіттің үйлену тойы болатын. Жақсы көрген жігіттің тойына шын бақыт тілей барып, өз тағдырымды кездестіремін деп ойламаған едім... Бір қызығы, сол тойда екеуміз бір-бірімізді көрмеппіз. Әбден қайтатын кезде ғана таныстық. Менің телефон номерімді сұрастырып тауып алыпты, екеуміз басында 2 айға жуық жай ғана сөйлестік. Қатты ұнайды деп айта алмаймын, жай бір тартымдылық қана бар. Жауып қойған жүрегімді қайтадан аша алам ба, білмеймін. Өйткені мені жігіттік қылық жасап, таң қалдырған жігіттер болмапты. Мен жігіттерден «ірілікті» күтемін. Артық айтсам Құдайым кешіре....
Махаббат хикаялары
Бұл оқиға менің ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарымда орын алды. Он бірінші сынып оқып жүріп бір жігітпен таныстым. Басында жай ғана жүре берем деп ойлаған едім, кейіннен қатты бауыр басып кеттім. Екеуіміз талай күндерді бірге өткізіп бақыттан басымыз айналғандай болды. Енді міне мектеппен қоштасар сәт те келді, аман есен мектебімізді бітіріп, екеуміздің жолымыз екіге айырылды. Ол Өскеменде оқуға қаламын деді, ал мен Семейдегі Медицина Университетіне түстім. Ол маған апта сайын келіп тұрды, екеуміз күнде хабарласып, агенттен сөйлесіп тұрдық. Мен оның маған деген сезіміне еш күдіктенген жоқпын. ОЛ мені ешқашан тастамайды деп ойладым, себебі екеуміз жақын қатынаста болдық, және үйлену тойымызды да белгілеп қойған болатынбыз. Ал бірақ мен екінші курс оқып жүргенде жаман оқиға болды.