Тағдыр тауқіметі (3 бөлім)

Зәулім сарайдай салынған бір керемет үйдің ауласына келіп тоқтады. Тамаша екен.Айналаның бәрі қымбат дүниелер.. қымбат жиһаздар.. Таңқалып келеді.Бірде Руслан Аяулымға қарап - Бұл менің туғам ағамның үйі.Кел жайғас,- деді.Отыра бергені сол еді жоғарғы қабаттан бірнеше адамның дауыстары мен аяқ жүрістерінің дыбысы естілді. Русланның ағасы, жеңгесі және оның әке-шешесі екен.Сонымен Аяулымды осы үйге жатқызатын болып сол жерде бәрі мәз-мейрам болып мақулдасты.Руслан жолға аттаның кетті.Аяулымның сол сәттен бастап құлдық өмірі басталды.Аяулымның байқағанындай Русланның ағасының үйі емес әйелінің қолына кіріп алған екен.Өте бақуатты адамдар көрінді.Жеңгесі де үйдің жалғызы,еркесі өте қатыгез нашар адам болып шықты.Тек ағасы ғана адамгершілігі бар биязы адам еді.Аяулым көнді,бәріне көнді себебі барар жері болмады.Сол үйдің отымен кіріп,күлімен шықты.Бар жұмысы Аяулымға қарап бір тыным таппады.Осылай жүріп күндері өте берді.Ағасына өзі де барып тұруды әдетке айналдырды.Ағасымен бірге болғанына қуанып алданып келеді.Бір күні үйлеріне қонақ шақыратынын және қолынан келгенше дастархан жаюуын тапсырды жеңгесі.Аяу қашпады бар білетінін жасап дастарханды жайнатып қойды.Қонақтар келді ол асханада ыдыс жуып жүргенде қасына орта бойлы қыр мұрынды, көзі домаланған, қалың қасты сымбатты жігіт келіп тұрды.Аяулым сәл қысылып, ұялып қалды.Жігіт сөз бастады.
- Осы үйдің қызметшісісің ба?
- Жоқ,олай емес
- Енді неге ыдыс жуып тұрсың.....
Махаббат хикаялары
Толық