file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мен күткен жан

Мен оған 5 жылдан кейін телефон шалған болатынмын. Бір қатты таң қалғаным, ол әлі телефон номерін ауыстырмаған екен. Мені күтті ма екен? Ол тұтқаны көтергенде бойым суып кетті. Оның дауысы өте көңілді естілді. Арғы жақта сәбидің дауысы шығып жатты. Оның: "Алло?" деген сөзінен кейін не айтарымды да білмей қалдым.

Ол үшін қуанып тұрдым, бірақ жүрегім қан жылап тұрды. 5 жыл бұрын, екеуміз қоштасарда, ол маған: "Мен сені мәңгі сүйіп өтемін. Мен сені ұмыта алмаймын" деген болатын. Ал мен болсам, оған күліп, мазақ еткендей: "Ренжіме жаным-ау, сен әлі басқамен бақытты боласың! Мені ұмыт" деп кеткен едім. Бірақ, оның шын айтып тұрғанын біліп тұрдым. Сонда да, онымен қоштасып кеттім...
Тұтқадан: "Алло?" деген дауысын естігенде, жүрегім жарылғандай болды. Ойымды жинақтап, сөзімді айта алмай, тұтқаны қоя салдым. Телефонымды алақаныма қысып, көзім жасаурап отырдым. SMS келді. Ол былай деп жазыпты: "Сәлем! Мен сенің қоңырауды көп күттім. Сенің дауысыңды естимін деп қатты үміттенген едім. .....
Махаббат хикаялары
Толық