Безеуге қарсы маскалар

Терінің ең көп тараған ауруы – безеу. Безеу көбінесе 14-16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.

Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Әжімді азайтатын маска

✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер. ......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Алмадан жасалатын маскалар тізбегі

Алмадан жасалатын маскалар тізбегі.
Бет терісін сымбатты ету үшін алманың пайдасы зор екен. Назарларыңызға бірнеше масканың дайындалу жолын ұсынамыз:

✅ 1. Секпілден құтылу үшін алмадан жасалған масканы пайдалануға болады. Ол үшін піскен алманың жартысын алып, қабығынан тазартып, сүйектерін алып тастап, майдалап үгітіңіз. Бір шай қасық балмен, алма сіркесімен, өрік қышқылымен және 2 ас қасық зәйтүн немесе басқа өсімдік майымен араластырыңыз. Толық араласқан соң бетіңізге жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен, содан соң суық сумен бетіңізді жуыңыз. Бұл масканы аптасына кем дегенде екі рет жасап тұрыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Бет терісін ылғалдандыратын маскалар

Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Су ағзаның әрбір жасушасын қандырып, саулығы мен әдемілігіне ықпал етеді. Сол себепті ылғалдылықтың табиғи балансын сақтауға үйде жасалатын ылғалдандырғыш маскалар көмекке келеді.

✅ Құрғақ теріге арналған маскалар
Құрғақ теріге арналған, ылғалдандыратын, ең оңай жасалатын маска бір үлкен қасық бал, өсімдік майы мен бір жұмыртқаның сарысынан тұрады. Бұл маска сонымен қатар теріні қоректендіреді. Масканы бетте кемінде 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. ......
Кеңестер
Толық

Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Көз айналасында мимикалық әжімдер ерте пайда болады. Жастайынан көз айналасындағы теріні күтіп, әжімдердің алдын ала білу ләзім. Қолдан жасалған маскалардың бір ерекшелігі, құрамына қосылатын ингредиенттердің сапасына сенімді бола аласыз. Сіздерге бірнеше маскалардың жасалуымен таныстырмақпыз:
✅ Ақжелкен (Петрушка) маскасы. 1 кішігірім ақжелкен шоғырын ұсақтап турап, 1 ас қасық қаймақпен араластырасыз. Түзелген қоспаны көз айналасындағы теріге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Ақжелкен маскасы теріні құнарландырып, ұсақ әжімдерді жазады.......
Кеңестер
Толық

Шашқа арналған маскалар

Егер шашыңыздың түсін қанық қылып, мықты еткіңіз келсе, мейлінше жиі маска дайындап, күтім жасап тұру керек.

✅ Бұзылған шашқа арналған маска

1-2 жұмыртқаны жарты стақан сүтпен араластырып, шашқа жағыңыз. 30-60 минуттан кейін сусабынмен жуып тастауға болады. Жұмыртқа бұзылған шашты қалыпқа келтіріп, сүт ылғалдандырып, нәрлендіреді.

✅ Шашты жылтыр ететін маска

Бір кесе сүтті бір кесе түймедақ қайнатпасымен араластырып, бірнеше тамшы алма сіркесуын қосыңыз. Шашты сусабынмен жуып, дайындаған қоспаңызбен шайыңыз. 2-3 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық

Бетті жұмсартатын маскалар

⚡ Көптеген қыз-келіншек жас кезінде ғана бет терісі жұмсақ болады деп сенеді. Алайда, жас ұлғайғанда да бетті жұмсақ, нәзік қалпында сақтауға болады. Арнайы күтімнің көмегімен бет терісі 25-те де, 35, 40-та да жұмсақ, созылғыш болады.

⚡⚡ Зәйтүн майы

⚡ Зәйтүн теріні нәрлендіріп, жұмсақ етеді. Күнделікті жағатын иісмайдың орнына өсімдік майын пайдаланып көріңіз. Біраз уақыттан соң өзгерісті де байқайсыз.

⚡⚡ Сұлы

⚡ 1 ас қасық сұлы қауызын 1 ас қасық бал мен сүтке араластырыңыз. Масканы бетке жағып, бетті уқалаңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық

Қиярдан жасалатын маска түрлері

✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін өзіңіз үйде әзірлеп көріңіз.

✅ Майлы теріге арналған маска. Орташа бр қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.

✅ Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді. ......
Кеңестер
Толық

Жапондықтардың жасартушы маскасы

Бұл масканы аптасына бір жасап, жүзіңіздегі 10 жылдың таңбасын жойыңыз
«Жапон әйелдерінің орта жастан асса да, сыны кетпейтін сұлулығының сыры неде?» деген сұрақ сізді де ойландырған шығар... Ендеше, оның жауабымен танысыңыз. Төмендегі масканы аптасына бір рет жасап, сымбатыңызды арттырып, әлдеқайда жасара түсіңіз.
Гейшалар шашын жібектей жұмсарту үшін күрішті қолданған. Яғни шашын күріш суымен шайған. Сонымен қатар бет терісінің күтімі үшін де күріштің көмегіне жүгінген. Күріш ұны салынған шағын қапты ыстық суға салып алып, астына ыдыс қойып, суын сорғытып іліп қойған. Күріш салынған қаптан аққан сол сумен беттерін жуған. Күріш суы бет терісін ультракүлгін сәуледен қорғап, әжімнің алдын алады және теріні нәрлендіреді. Сондықтан да күріштен жасалған маскалар бет терісі үшін өте маңызды. Ол теріні салбырап қалудан қорғап, тартып тұрады. ......
Кеңестер
Толық

Шаштың түсуіне қарсы маска

Әжелеріміз бен аналарымыздың бұрымдары қалың, әрі ұзын болғанын ескі фотосуреттерден білеміз. Ал, ендеше, біздің шашымыз неге тым жұқа? Сондай-ақ тарағанда уыстап түсуі де әрқайсымызды көп алаңдатады.
«Шаштың өсуін жеделтетіп, қалыңдатады» деген жазуымен сусабындар да, шашқа арналған түрлі маскалар да дүкен сөрелері мен дәріханаларда толып тұр. Десе де, олардың керемет нәтижесіне қарық болып жатқандар аз. Сондықтан да кезінде әжелеріміз қолданған мына бір маскаға көз жүгіртіп көріңіз. Сізге керегі – нан мен су. ......
Кеңестер
Толық