Экономика | Маркетингілік зерттеу жүйесі

Нарықты зерттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан “таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2,, балама Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түріне тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде “таза” құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын “шығындық емес” деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік орта

Ұйым – іс - әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроорта –дағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс – қимылы қоршаған орта жағдайлармен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтыну -шы мінез – құлқы салдарынан, сондай – ақ әлемдік нарықта болып жатқан про –цестердің болуына қарай қауіпті сипат алуы мүмкін.
Сондықтан да маркетинг теориясына макро және микроортадан тұратын маркетингтік орта ұғымы енгізіледі. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік бақылау түрлері

Маркетинг (ағылшынша: marketing — нарық, базар, өткізу, сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.
Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Маркетингтің мәні — экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетиңг-тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік жоспар

“ALSER COMPUTERS” компаниясы Қазақстанның компьютерлік нарығында 1995 жылдан бастап келеді. Қазіргі кезде бұл компания Қазақстанның ең мықты деген алғашқы компьютерлік компанияларының бірі. Ол нарықта пайда болғаннан бастап, өнімін сату көлемінің өсуімен және тұтынушыларының артуымен ерекшеленіп келеді.
Компания жоспары – Қазақстан нарығына уникалды шешімдерді құрушы және цифрлық технология әлемінде шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын мықты компютерлік техника әлемін құру ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік зерттеу және оны ұйымдастыру жолдары

Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.
Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг түсінігі және оның элементтері

Маркетинг (ағылшын сөзі - нарық) тікелей аударғанда "нарық жасау" деген мағынаны береді. Маркетинг теориясы XX ғ. АҚШ-да пайда болды. Сол кезде тауарларды сату мәселесі шиеленіскен кезең еді. Осыған байланысты теорияның негізін қалаушылар экономиканың үйлесімді дамуының бірден-бір себебі, айналым сферасының кемшілігі деп тұжырымдады. Олар осы сфераны қайта өзгерту туралы әртүрлі әдістемелер ұсыңды.
Алғашқы кезеңінде маркетинг тек сату істерін – сауданы, жарнаманы, несиені қамтыды. XX Ғ. 50-жылдарында маркетинг басқару теориясымен қабысады. Осының нәтижесінде компанияны маркетинг принциптерімен басқару ғылымы пайд болды да, "нарық басқару теориясы" атағына ие болды.
Бертін келе, маркетингтің обьектілерінің шегі ұлғая бастады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу

Маркетинг ортасы дегеніміз –ол фирманың маркетинг бөлімінің клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оған әсер ететін белсенді субъектілердің және күштнрдің жиынтығы. Маркетинг ортасы келесі түрлерге бөлінеді: макроорта, микроорта, мелиаорта.
Макроорта кәсіпорынның әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды (кесте).
Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер.
Жабдықтаушылар дегеніміз –фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады: ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг зерттеулер жүйесі сауалнама

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынас жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдау талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілігін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды бейнелейді.
Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестікті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі.
Ал ол тауарды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады, бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары

Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұ-ғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате, жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді. ....
Рефераттар
Толық