Танымал әншімін!

Танымал рок-жұлдызға концерттен кейін бір мұжық келіп:
- Айтыңызшы, сіз сондай танымалсыз, бірақ залдың жартысы бос?
- Қалай бос? Менің концертіме билетті екі есе көп сатады. Алып сатарлар әуелі билетті концерт алдында 200 доллардан сатады.
- Жақсы, сосын сіздің күйтабақтар да.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қасым Қайсенов

Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник.
Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында туған. Туған жер қасиеті оның қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның болмысы мен шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі еседі.

1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси -ағарту техникумын жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған. Асыл әжеміз сол жылы небары 16 жаста болған....
Шығармалар
Толық

Өмір

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны....
Шығармалар
Толық

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Тәрбие сағат тақырыбы: Атадан мал қалғанша, тал қалсын.
Тәрбие сағат мақсаты: Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағатты мұрасының маңызын ұғындыру. Туған елге қызмет етуге, орманды қадірлеуге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, дарындылық қабілеттерін анықтау.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қорқыт ата

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының.....
Рефераттар
Толық

Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады

Күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Құрбан айт биыл 26 қазанда басталады.

Фото с сайта rus.azattyq.org
Фото с сайта rus.azattyq.org

Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс деп белгіленген.

Ал, екінші және үшінші күндері бұл жолы сенбі, жексенбіге келіп тұрғандықтан, үш күн демалыс деп жарияланды.

Ислам мейрамдары күндік емес айлық күнтізбемен есептеледі. Мұсылман баласының ұлық мейрамы, Құрбан айт жыл сайын Зулхиджа айының 10-ы күнімен сәйкес келеді. Биыл, ол 26-қазанға тұспа-тұс. Ертең, Зулхиджа айының бірінші күні.

Құрбан шалу айт намызынан кейін жалғасқаны абзал. Құрбанға 4 түлік мал шалынады. Ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына да болады. Ал, Ұлық мейрам толық 3 күнге, ал 4-ші күні екінті намазына дейін жалғасады,- дейді орталық мешіттің бас имамы.


Естеріңізге сала кетейік, діни бірлестіктер мен мешіттер қайта тіркеуден толығымен өтіп бітті. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанға 5500 қажы оралмақшы. Бұл өткен жылдан 1500 адамға артық.
Жаңалықтар
Толық

Бала

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ақұштап Бақтыгереева (1944)

Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайықта туған) — қазақтың жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2017) Құрмет орденінің иегері (2005).
Өмірбаяндар (биография)
Толық