Әмірхан Балқыбек (Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде)

Махаббат үшiн бiр екен ессiз, естiң де,
Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде.
Дәл мендей сенi сағына аңсап жалғанда,
Дәл мендей сенi сүймеген шығар ешкiм де.

Дәл мендей сенi сүймеген шығар ешбiр жан,
Өзiңдi iздеп тал түсте көше, кеш қырдан,
Мен қазiр, жаным, шайыр.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Ақын ғұмыр)

Асау арман кеудеге симағасын,
Қиналасың,
Ашыған ми боласың.
Амал бар ма
Ақынға алабұртпай
Ару-өмір өрт-ғұмыр сыйлағасын.

Өртенесің,
Өртейсің,
Жалындайсың,
Таптырмайсың,
Таппайсың.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Қос Аққу)

Нұр шашылған аспанның аясында,
Мынадай сұлулыққа тоясың ба?
Көзiң түссе өзiңдi ұмыттырар,
Махаббат та, мәрттiк те, бәрi осында.

Көне өлеңiң секiлдi жаңа өлеңiң,
Табиғат-ай, не деген шебер едiң?
Осынау ақ айдынның.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Хат)

Сен сұлусың,
Сабырлымын мен бiрақ,
Әнге айналсаң,
Еститұғын мен құлақ.
Бұлтсың ба,
Тосқауылың тау да мен,
Сенi қуған желдi демен
жау көрем.

Бозара атқан таңым болсаң,
Ертеңмiн,
Көрiктiсiң,
Күлкiң оттай.
Өртендiм.
Өртенiп ем өшкенiм.....
Өлеңдер
Толық

Қожа Ахмет Ясcауи + Диуана хикметтері

Кіріспе
Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

Негігізгі бөлім
Қожа Ахмет Ясcауи + Диуана хикметтеріҚожа Ахмет Йассауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде....
Шығармалар
Толық

Полонский Яков (Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы) [Абай аудармасы]

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,
Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы.
Сол жүректен жылылық, достық пенен
Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша,
Бірінен бірі үлесіп алысқанша.
Құмарланар, сүйісер.....
Өлеңдер
Толық

Лермонтов Михаил Юрьевич (Менің сырым, жігіттер, емес оңай) [Абай аудармасы]

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,
Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның – арым мен бір-ақ құдай.
Жүрегім екеуіне жалбарынар,
Рақымдық пен әділ сор деп жалынар.
Мен тентек пе, түбінде.....
Өлеңдер
Толық