«Аъузу билләһи мйнәш-шәйтанир ражим»-ды үш рет айтып, үш рет сол оянған жағына құрғақ түкіріп, басқа бүйіріне аударылып жату керек. Егер қаласа намаз оқыса тіпті жақсы болады. Жаман түсті ешкімге айтпағаны абзал.....
Жас сәби науқастанып (иттиіп) қалса бұл Нас, Фалақ сүресін оқысын, және шошып қорқатын болса, ондай жағдайда сол сүрелерді оқығаны пайдалы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) немересі Хасан мен Хусейінге мына дұғаны көз, тіл әрі дем есебін оқитын: «У-ъизукума бйкәлймәтил лаһит-таммати мйн кулли шайтанйн, уә һамматйн, уә мйн кулли ъайнйн ләмматин!».
«Рабби лә тазарний фардау уә антә хайрул-уарисийн» (Ал-Анбия сүресі. 89-90 аят). Бұл аятта Закария (Ғ.С.) Аллаһ Тағаладан тілеген, содан оның тілегін қабыл етіп Яхя атты перзенті дүниеге келген.
Аударма мәселелері шет тілдерден ана тіліне аудару, әсіресе егемендігімізді алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде бірден бір маңызды салалардың бірі болып келе жатқаны рас. Шет тілдерден қазақ тіліне немесе керсінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аудару жөнінде жеткілікті мағлұматтар, құнды аудармалар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта бұл мәселені теориялық және практикалық тұрғыда талдау өте қажетті болып отыр. Қай тілдің болмасын дүниетанымы мен мәдениеті тікелей байланысты. Мәдениет аралық қатынас мәселелері бірден-бір мәдениетіміз бен тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында аударма мәселесі негізі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді. Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады: 1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эпитеттердің тіл білімінде зерттеген еңбектерге сараптама жасау. 2. Екі тілдегі эпиттердің стилистикалық құрылымдарын зерттеу. 3. Эпитетттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсету. 4. Ағылшын және қазақ тілдаріндегі эпитеттердің жасалу жолдарын анықтау. 5. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің лингвомәдени аспектілерін ашу және аударма барысында аудармашыға жүктелетін міндеттерге талдау жасау. Ғылыми жұмыстың дәйектілігі ағылшын, қазақ эпитеттерінің лингвистикалық табиғатын анықтау, ағылшын, қазақ эпитеттерінің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін зерттеу, екі тілдегі эпитеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу осы жұмыстың дәйектілігін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Екі тілде де эпитет бұрыннан қалыптасқан лингвистикалық құбылыс екеніне қарамастан, олардың ашылмаған қырлары, әсіресе лингвомәдени тұрғдан зерттелмеген. Мұның бір себебі лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық, мәдениет аралық байланыс лингвистиканың жаңа салалары болып есептелгендіктен ағылшын, қазақ эпитеттрін бірлікте қарастыру, әсіресе салғастырмалы жолмен талдау, сол кезде орын алатын қиыншылықтарды айқындау және олардың алдын алуға байланысты алғашқы жұмыс екендігінде. Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы - қортындылары бұрын соңды зерттеу нысаны болмаған, осыған орай, туыс емес екі тілдегі эпиттерден граматикалық құрылымдағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері, эпитеттің жасалу негіздерінің лингвомәдени мәселелері жалпы тіл білімі, салғастырмалы және типологиялық зерттеудің теория негіздерін толықтыра түседі, сондай-ақ аударманы оқыту барысында жеке-дара бір аспект немесе аударма мәселелері төңірегінде жасалған қомақты еңбек болып табылады. Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер қамтылады. Олардың арасында лингвистикалық зерттеу жұмыстары, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттану 1 тұрғысында әдебиеттер мен ғылыми зерттеулер, тарихи зерттеулер, қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сөздікткр, әдеби шығармалар қарастырылады. Курстық жұмыстың І тарауында ағылшын тіліндегі эпитеттің жалпы стилистикада алатын орны, оның тілдік табиғаты, эпитеттердің басқа тәсілдерден ерекшелігі, жасалу жолдары мен классификациясына терең тоқталамыз. ІІ тарауында, керсінше қазақ тіліндегі эпитеттің қазақ стилистикасында алатын орны, тілдік табиғаты мен жасалу жолдарына, эпитеттердің классификациясына шолу жасаймыз. Ал бұл курстық жұмыстың ІІІ тарауында лингвомәдениеттану ғылымы, оның ерекшеліктері мен лиингвистикадағы рөліне, содан соң ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің салғастырмалы түрде зерттелуі мен олардың лингвомәдени мәселелеріне талдау жасаймыз. Сондай-ақ осы тараудың 3 бөлімінде эпитеттердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу тәсілдері және аударма барысында байқалатын негізгі тұстарға жеке-жеке тоқтала сипаттама жасаймыз.....
Еуразия континентінің ортасында Еуропаның үлкен динамикалық тұрғысындағы нарық дамуында орналасқан Қазақстан Республикасы-ның экономикасы Шығыстың және Оңтүстік-Шығыс Азияның транзиттік мүмкіндіктерін тиімдіпайдалануымен ерекшеленген мем-лекет. Үлкен аймақты еліміздің (2720 000 шаршы/км) Ұлттық Автокөлік жүйесі даму үстінде және жергілікті халықтың тығыздығы-ның мөлшері = 1 шаршы/км 6-адам. Қазақстан Республикасының транспорттық кешені Темір жол, Әуе, Теңіз және өзен, Құбыр және т.б. қатысатын түрлерін қамтиды. Бұл кешендегі қызметтердің барлығы нарықтық қатынастың еркін түрінде өтіп отырады. Ал, 1990-1999жж арасында барлық Автокөлік түрлері-мен жүк тасымалдау 2,5 есеге, жүк алмасу 3,5 есеге, жолаушылар тасы-малдау 5 есеге қысқартылды. Кейінгі кезде осы бағыттардағы беталыс өсіп келе жатыр. 1990 жылдардың бас кезінде Қазақстан өз тәуелсіздігін алып ел болғанда экономикамыз оның ішінде көліктік қызмет көрсету сала-лары көп тоқырауға ұшырағаны белгілі. Сол кездерде ұжымдық шаруашылықтар таратылып, соның әсерінен еш тоқтамсыз жұмыс істеп тұрған көліктік ұйымдар өз жұмыстарын өзгеріссіз ұстап қала алмады. КСРО кезінде Қазақстан Орта Азияның транзиттік аймағы болды. Көршілес мемлекеттер, көбінесе Еуропа нарығына шығу үшін осы Қазақ жерін басып өтіп жатты. Орта ғасырлардағы сауда қарым-қатынастарына көз салсақ, бұнда да Қазақ хандығының (XIV ғ) жерін бүкіл Әлемге танымал «Ұлы Жібек жолы» көп бөлігін басып өткен. Қашан да болмасын сауда мен транзит мекені болған еліміз, көлік ғылымы парақтарында өзіндік ерекше таңбасын қалдырады. Ғылым мен техниканың пайда болуы арқылы көп түрлі транспотр құралдары пайда бола бастады. Әлемде әуе және құбыр көліктері дамымай тұрған кезде, Автомобиль көлігі Су және Темір жол көліктерімен қалыспай қызмет атқаруда. Кәзіргі уақытта Автомобиль көлігі мен басқа да көлік түрлерінің қызметін реттейтін ұйымдар мен халықаралық ереже-шарттар бар. Осылар арқылы жалпы Дүниежүзі-лік көлікпен жүк және жолаушы тасымалдау реттеліп, біртұтас жүйеге келтіріліп отырады.....
XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.
Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.
АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенінің сағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.
Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.
Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын ....