Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сұйықтар мен газдардың механикасы Сабақ тақырыбы: Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеруші күш Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Эксперименттік тапсырмалар мен есептеулерде, сапалық есептерді шығарғанда үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін қолдана білу. Сабақ мақсаттары: Барлығы: Үзіліссіздік теңдеуін, Бернулли теңдеуін біледі. Көпшілігі: Бернулли және үзіліссіздік теңдеуін қорыта алады. Кейбіреуі: Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін қолданып, көтергіш күштің пайда болатынын дұрыс түсіндіре алады.........
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика (сұйық) Сабақ тақырыбы: Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеру күші Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5.2- Сапалы, сандық және эсперименттік тапсырмалар есептерді шешуде үздіксіздік теңдеуі және Бернулли теңдеуін қолдану; Сабақ мақсаттары: Бернулли теңдеуін қарастырып, практикалық қолданылуын көрсету.........
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагошкалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз кеіеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және-дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсснді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен бірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса мүғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. ....
Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіші ретінде табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім. Кедейлік дегеніміз салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы. Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардыңбелгілі бір бөлігінің ең төменгі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-физиологиялық, материалдық жіне рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады. Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар,адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен , оның кедейлік туралы субъективті түсініктерімен анықталады. Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдықтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен, не мамандығы жоқ. Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінле сипатталады. Кедейлік- тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төмен деңгейдегі табыс табушылар. Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуынаалып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1, 3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арақатынасы 30 :1-ден 61: 1 дейін өсті. Кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі көзқарасты бөліп көрсетуге болады: 1. кедейлікті табыс негізінде түсіну- кедейлік мәселесін тар ауқымды түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен болса, оны кедейлер қатарына жатқызады. 2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну- кедейлік мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның сұранысын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төменгі деңгейде қанағаттандыруға қажетті материалдық алғы шарттардан тыс қалуы ретінде қабылданады. 3. Кедейлікті адамның потенциалдарының даму мүмкіншіліктері тұрғысында түсіну- адамның негізгі мүмкіндіктері мен таңдауының жоқтығын көрсетеді. Оған : салауатты және ұзақ өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға, басқа да әлеуметтік- мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда да шектеулі.....
1. Үй жануарымен дос болыңыз. Зерттеулер итпен серуендеу, мысықты сипалаудың қан қысымын қалыпта ұстауға көмектесетінін, холестерин мөлшерін реттеу мен жүрек жұмысын жақсатуда да оңды әсері барын анықтаған. Олардан бөлінетін жағымды қуат вирусты жояды, ал жағымды қуат иммунитетті көтереді екен. Мұны неміс ғалымдары айтады. 2. Достармен кездесіп, олармен түрлі тақырыпта әңгімелесу жүйкеге жайлылық сыйлайды, көңілді сергітеді, мидың тынығуына көмектеседі. Жақын досыңызбен өткізген жарты сағат миға екі күндік тынығу сыйлайды. Ал ми тынық болса, ағза ауруға алдырмайды. Испан зерттеушілері сенімді досы көп адамның аз ауыратынын, досы аз қатарластарынан ұзақ жасайтынын айтады. 3. Көңілді жүру де ауру жолатпаудың бір жолы. Болмашыны уайымға айналдыратын адамдарға қарағанда қиындықты өтпелі сынақ деп қабылдайтындар аз ауырады екен. Оптимистер пессимистерге қарағанда тұмауға 50% аз шадығады. ......
Жыныстық қатынаста еркектен бұрын әйел солығын қандырып, бойынан бірінші жіберу керек. Сосын барып қана еркекке белін босатуға рұқсат. Ал, егер керісінше болса, әйелдікі еркектікін «басып тастайтын» көрінеді. Бұл ұлды болғысы келетін жұптарға арналған кеңес.
Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ аспаса болмайды: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т.б.) түссе, қыз бала жарық дүние есігін ашпақ дейді. «Ұл – ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деп дәлелдеп те береді.
Мына бір үрдіс көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлықтардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізді.......
Нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғарғы сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның барлық артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соңғы кездері бұл мәселенің өткірлігі елеулі дәрежеде өсті. Бұл нарықтағы көптеген кәсіпорындардың монополиясн жоюмен, өнімнің тұтыну қасиетіне қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар қызметтерінің басты мақсаты болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Ел басымыз Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай: “Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, төмендегі бағттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті”.[8] Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірудің басты нәтижесі ішкі нарықпен жалпы ішкі өнім көресткіштерін арттыру, экспортты ұлғайту мен валюталық түсімдерді көбейту; бюджетке салық түсімдерін қалыптастыру; халықты еңбекпен қамту; саяси-әлеуметтік тұрақтылық болуы тиіс. Бүгінгі күні басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға бағытталып қоймай, өндіріс мекемелерінің инновациялық белсендігін көтеруге, өнім сапасын арттыруға, өндіріске жаңа жаңа технологияларды ендіруге, сол арқылы қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалануға аз щығын щығарып, сапалы әрі мол өнім өнідіруге, өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін арттыруға да бағытталуы тиіс. Айта кеткен жөн, бүгінгі күнде еліміздің көптеген компаниялары өз операцияларын елімізден тыс жерлерде жүргізеді, бұл Қазақстанда трансұлттық компаниялар тобы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұдан, Қазақстан тауар өндірушілер арасында да бәсекелестік пен өндірілген өнім сапасын жақсартуға арналған тиімді шаралардың жүзеге асырылуы жөн. Өнімге, өнім сапасына, бағасы мен бәсекелестігіне кеткен шығындар мен тиімділігіне, өндірістің барлық құрылымдары мен материалдық-техникалық базасына тынғылықты талдау жасалыну арқылы, кәсіпорын экономикасының негізін түсінуге ....
Бала сүю – Алланың әйел адамдарға берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Бала бойға біткеннен тоғыз айға дейінгі кезең – әрі жағымды, әрі қиын, әрі жауапкершілігі мол маңызды кезең. Егер әйел бұл кезде шетелдік.....