Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)

Қалайша қырда өскен боп түс көрмейін,
Қалайша оянғанда тістенбейін.
Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон,
Күннің нұры түседі түстен кейін.
Далада жайқалуға жаралмаған
Жаныма таңның нұры таралмаған.
Шығыстан соққан самал,
сұранамын,
Түн ішінде оңаша орал маған!......
Өлеңдер
Толық