Күләш Ахметова (Ақын)

Құдіреттеніп құйылғанда ұлы ақын,
Гераклдей күшті әрі ірі — ақыл.
Күңіренеді қобыздайын аңырап,
Тебіренеді теңіздейін сұрапыл!
Көздерінен Күн шашырап маздаған,
Сөздерінен мұң шашырап боздаған.
Туғызады таң ғаламат суреттер
Сикейростар, Сальвадорлар жазбаған.
Аспан жақтан шабыт қонған шақта оған,
Ақ қағазға құйылады аппақ ән.......
Өлеңдер
Толық