file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Күләш Ахметова (Ақын әйел)

Басқа әйелде басқа арман, басқа мұрсат,
Отырады асықпай әңгіме айтып.
Ал мен үшін әрбір күн — қас-қағым сәт,
Еркіндікке енбеймін енді қайтып.
Бар бейнеті ақынның жүр ме өтеліп,
Гүлдей нәзік көңілімді кім ескерген.
Бір жеңіліс, бір жеңіс, бір қателік...
Қажыдым бұл қарусыз күрестерден.......
Өлеңдер
Толық