Экономика | Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жолдарын және оның шетелдік тәжірибесін зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай – ақ бұл ақпараттарды өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін қолдану маңызды.
Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне сай бухгалтерлік есеп стандарттарының №6 және 12, халықаралық қаржылық есептеме стандарттарының №11 және 16 тікелей сметалық жүйедегі табыс пен шығындар құрамын анықтаумен тікелей байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты:
 Құрылыс саласындағы есепті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;
 Өндірістегі шығындар түрін;
 Еңбекақыны есептеу жолдарын;
 Материалдық босалқылар есебін және аяқталмаған құрылыс есебін жүргізу әдіс – тәсілдерін ұғыну.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Алғашқы тарауда құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері, құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі сонымен бірге құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу қаралды.
Екінші тарауда құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға, құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау және құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен жолдары қарастырылады.
Үшінші тарауда шығындар есебінің мәні және жіктелуі және құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі, аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану қарастырылады.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі....
Курстық жұмыстар
Толық