Психология | Ұстаз психологиясы

Ұстаздық шеберліктің нендей түрін дәлелдеуге де себеп принципі негізгі роль атқарады. Бұл принцип бойынша адамның, соның ішінде педагогтардың да ісі, келген шешімі себепсіз болмайды. Педагогтың әр ісінің жемісті болып келуін содан шығатын нәтиже ғана шешеді.
Ұстаздың оқушылармен күнделікті жасалатын қатынастардың бәрі сөз арқылы іске асады. Сөздік қатынасты екіге бөледі. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айтылады. Ақыл айтып, кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қостамай, қателігін мойындату үшін, керісінше оның ісі ұнамды болған жағдайда, осыны баланың өзіне сездіру үшін қолданылады. Екіншіден, кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде оған қатты талап қатып, қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданады.
Екінші бір шеберлік – мезгілді созып алмау үшін орынсыз еткерту жасауға әуес келмей, ескертулердің көпшілігін бет құбылыс дауыс арқылы жеткізе білуде. Осындай тәсілді өзінше сипаттап көңілмен білдіру әдісі деп атайды.
Келесі бір шеберліктің түрі – оқу мазмұнын оқушыларға қарай ықтамшап, егер олар түсінбеген жағдайда, түсіндірудің басқа жағын іздестіру болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық