Тарих | Қазақ жерінің перзенті Заратуштра - әлем халықтарының ұлы ұстазы

Кіріспе
Ғасырлар тоғысында, жаңа мың жылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи - мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау заңды, ұлттық сана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор.
Адамзаттың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі де бірегейі зороастризм. Діни жүйелер көне халықтар мәдениетінде жүйе құраушы рөл атқарды. Әрине, бұл діни жүйелер бір күнде бірден пайда болмайды. Олардың өзіндік даму тарихы, даму заңдылықтары бар. Ал бұл заңдылықтарды ашу, даму тарихындағы кезеңдерді зерделеу, өз кезегінде сол ерте дәуірдегі адамдардың дүниетанымын, арман-мұраттарын, қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай - ақ діни жүйелердің қазіргі заманға дейін сақталған көмескі нышандары мәдени бастаулар мен қазіргі мәдениет арасындағы тарихи - мәдени сабақтастықты көрсетеді. Адамзатқа адамгершілік өлшемін ұсынған улы жүйе құрушылар мұрасын қарастырғанда мәдени сабақтастық пен мәдени жасампаздық диалектикасына назар аудару қажет. Міне, осы тұрғыда заратуштра ілімін жан-жақты толық, терең түсіну үшін, оның көзқарастарына әсер еткен ескі наным-сенімдерді, рәсім-рәміздерді зерттеудің маңызы зор болмақ.
Зороастризм ілімі және оның пайда болуы....
Курстық жұмыстар
Толық