Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

1.1. Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы.
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.
Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік және еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліну шартты түрде ғана екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасының түрі, қылмыстық, тұтас алғанда, субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы мен мазмұнын анықтау үшін, психиканы қүрастырушы элементтерге көңіл аудару пайдалы ғана емес, қажет те.....
Курстық жұмыстар
Толық