file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тарих | Түркеш қағанаты

Кіріспе
Түркеш қағанатының тарихы әлі де жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ. Кезінде академик Әлкей Марғұлан мен Мұсатай Ақынжанов бастаған атақты ғалымдардың көз майын тауысып, зерделеуге үңіле түскен қадамдары өз жалғасын таба қоймады. Өткен ғасырдың 80-жылдарыңда Қытайдағы Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахан бастаған қазақ тарихшылары түркештер туралы көлемді зерттеулер жүргізіп, қазақ халқын құраған ру-ұлыстарға ұйытқы болған алғашқы, дербес этностық одақ ретінде қарастыра бастады. Орыс тарихшыларынан алғашқылардың бірі болып Л.Н.Гумилев түркештер туралы жан-жақтылы мағлұмат жинақтап, талай жаңалықтардың бетін ашты. Ал, қытай тарихшылары Лин Ган мен Шуе Зұң Жың қатарлылар соңғы жиырма жылда көктүріктер мен түркештер жөнінде өте қызғылықты тың деректер берді.
Жоғарыда аты аталған шетелдік және отандық авторлардың зерттеу еңбектері негізінен Қытайдың "Таңнама" (Көне және жаңа таңнама)."Таң Хуей Яу". "Сы Фу Иуан Гуй", "Зы Жы Тұң жияы", "Тұң дян" сияқты жылнамалары мен орда хаттамаларынан алынған үзінділерге сүйене жазылғаны белгілі. Осынау аса бағалы тарихи жазбаларда бәрі бірдей еш қатесіз және түпкі ақиқат емес болатын. Ұлы хандық шовинизммен бұрмаланған, қара дүрсін әскери рапорттар тілімен жазылғандары да жиі кездеседі. ....
Курстық жұмыстар
Толық