Социалогия | Әлеуметтік ауытқу

Кіріспе
Қоғамымыздың аумалы-төкпелі шағында қылмыс атаулының тым көбейіп, жұқпалы дерт секілді таралуы, әсері мен қауіптілігі – бұл әлеуметтік проблема болып отыр. Әлеуметтану ғылымында арнайы әлеуметтік теория – девианттық мінез-құлық әлеуметтануы туып, қалыптасқан латынның deviatio – ауытқу. Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануының бұлақ көзінде француз ғалымы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болған – француз әлеуметтанулық мектебінің негізін салушы. Ол «әлеуметтік аномия» түсінігін алға тартқан, оны «көне нормалар мен құндылықтар қазіргі шындық жағдайындағы қарым-қатынастарға сәйкес келмейді, ал жаңалары әлі сіңіп үлгермеген».
Әлеуметтік ауытқулар индивидуалды мінез-құлық саласында болуы мүмкін, олар нақты адамдардың іс-әрекеттерін қоғамда қоғамдық нормалармен қатаң тыйым салынатын әрекеттерін қамтиды. Сонымен бірге әрбір қоғамда көптеген ауытқыған субмәдениеттер бар, олардың нормалары қоғамдағы жалпы қабылданған басты қоғамдық моральмен сыналады. Мұндай ауытқулар топтық болып табылады.
Белгіленген нормаларды бұзушылар жазаға шектеуге, соттауға тартылады. Мұндай кездегі ауытқушылық адамдардың обьективті іс-әрекеті емес, адамдар арасындағы тәртіпке сәйкес индивидтің норманы бұзуы болып табылады. Оны «қылмыскерге», «заң бұзушыға», моральды бұзушы тұлғаға айналдырып, қоғамдық өмір адамды шеттетіп, оны қылмыскер рөлін орындаушыға айналуына итермелейді. Осыдан келіп стигма теориясы дүниеге келді (Стигма – грек сөзі - «қарғыс атқан қылмыскер» лақап аты мойнына ілінеді).....
Курстық жұмыстар
Толық