Қылмыстық құқық | Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау

КІРІСПЕ
Қылмыстық жазаның қылмыстылықпен күресудегі ролімен байланысты мәселелерді түсіну мен шешудің жаңа жолдарын іздестіру өзекті болып табылады. Яғни осы мәселе аса өзекті болып тұр. Жаза туралы ілімде түсініксіз әрі даулы жақтар өте көп.ҚР Конституциясы конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, өзге тұлғалардың құқытары мен міндеттерін, ел қоорғанысын қамтамасыз және мемлекет қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтардын қорғау қажеттілігімен негізделген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігін қарастырады.[1]
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi.....
Курстық жұмыстар
Толық