Биология | Үйсіндердің этникалық және саяси тарихы

Кіріспе
Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді пайдаланып, оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырудың маңызы өте зор. Қазақтың «Құлақпен естігенше, көзбен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін» деген нақыл сөзінің өзі осыны керсетеді. Себебі күнделікті еткен бірсарынды баяндау, сұрақ-жауап секілді әдеттегі сабақтар оқушыларды жалықтырып, шаршатады. Сондықтан биология сабақтарында әрбір мұғалім зертханалық жұмысты тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге қызығуы артады. Микроскоппен көру техникасын меңгеру үшін жарық көмегімен көрсететін микроскоптың құрылысын білу; уақытша микропрепараттар дайындады. Тубусты қимылдататын екі бұранда заттық үстелшеден төменірек, тұрғының екі жағында орналасқан. Тубусты жоғары-төмен қозғалтып, фокус бағытын туралайтын үлкен дөңгелек басты макрометрлік бұранда "кремальер" деп аталады. Бұрайтын дөңгелек басы кішірек бұранда -микрометрлік бұранда. Оны сәл бұрау арқылы тубусты аз жылжытып, фокусты дәлме-дәл туралауға болады. Микрометрлік бұранданы мнкроскоптың екі жағынан тауып алып, жарты айналымға бұрау арқылы фокус дәлме-дәл тураланады. Микроскопта зерзат бейнесі теріс көрінеді. Окулярдың үлкейту мөлшерін объективтің үлкейту мөлшеріне көбейту арқылы микроскопты жалпы үлкейту шамасын есептеп шығара аламыз.....
Курстық жұмыстар
Толық