Қылмыстық құқық | Қылмыстық заң және оның міндеттері

Кіріспе
Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның кері күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде. Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты: «біздің Конституциямыз әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды....
Курстық жұмыстар
Толық