Психология | Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Әйел және еркек жынысы арасындағы айырмашылықтар мен өзіндік ерекшеліктер мәселесі биологиялық және физиологиялық ерекшеліктер мен айырмашылықтар мәселесіне қарағанда қиынырақ әрі күрделірек болады.
Қыздар мен ұлдардың, бойжеткен мен бозбаланың, әйел мен еркектің психологиялық ерекшеліктері жеткілікті зерттелмеген. Біз кең тараған психологиялық және педагогикалық әдебиеттерден соңғы 30—40 жылдың ішінде осы тақырыпқа арналған ғылыми жұмыстарды аз кездестіреміз. Ал мерзімді баспасөз оның қоғамдық мәні мен іс жүзіндегі маңызын дәл байқап, бұған жиі назар аударып отырады.
Қыз баласын тәрбиелеу мәселесінің бірі ретінде біз әйелге тән нәзіктік туралы мәселеге тоқталмақшымыз. Әйелдік нәзіктік дегеніміз, оның өзіне тән қасиеті, ерекшелігі жағынан ер адаммен салыстырғандағы айырма белгілері. Қай дәуірде болмасын әйелдің эмоционалдық сезімталдығы, жаратылысының психологиялық нәзіктігі, еркектерді қызықтыратын өзіндік тартымдылығы — кез-келген дәуірде әйелдің ең жоғары бағаланатын қасиеті — аналық қасиеті болмақ.
Қоғамның даму барысында еркек пен әйел жынысы өкілдері өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттері мен айырмашылықтарын көрсетіп, одан әрі дамытуы үшін мүмкіндіктері арта түседі, сондықтан да нағыз әйелдік қасиетіне ешкандай қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда олардың мінез-құлқындағы тарихтан белгілі ерекшеліктердің бәрі бірдей әйелдік нәзіктікке жата бермейді.....
Курстық жұмыстар
Толық