Тарих | Қаңлы мемлекетінің археологиялық зерттелуі

Кіріспе
Қазақстан жерінде көне тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет біздің дәуірге дейінгі ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл мемлекеттің орталығы Орта Сырдарияда, яғни Оңтүстік өлкемізде орын тепкен деген болжам айтуға болады.
Жұмыстың өзектілігі. Қаңлы мемлекеті өмір сүрген уақыт ішінде Сырдария арқылы өтетін Жібек жолының Ферғана мен Арал жиегіндегі аралығына бақылау жасау саясатын ұстанған ірі мемлект болып, көшпелі және отырықшы өркениет үлгілерін тиімді ұштастыра біліп, өзіндік ерекшеліктерге толы саяси мемлекеттілік құрған. Сондықтан Қаңлы мемлекетін зерттей келе, біз, өз ата-бабаларымыздың озық тәжірибесін, бай мәдени құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұрпақтары мақтан тұта алатын өркениет иелерімен қайта танысамыз. Оның үстіне осы мемлекеттің Оңтүстік Қазақстан территориясында орнығуы өлке тарихын зерттеуге зор мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты. Оңтүстік қазақстан территориясындағы б.з.д. II – б.з. IV ғғ. аралығында өмір сүрген Қаңлы (Кангюй, Канцзюй) мемлекетінің археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген қазба жұмыстар нәтижелерін жинақтап, ғылыми тұжырымдарды сараптау арқылы осы мемлекеттің материалдық және рухани құндылықтарын айқындау.....
Курстық жұмыстар
Толық