Экономикалық өсу | Экономикалық өсу

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Экономикалық өсу: үлгілері және факторлары” деп аталады. Бұл жұмысымда мен жалпы экономикалық өсу дегеніміз не, оның түрлері үлгілері (модельдері) мен факторларына және де осы тұрақты экономикалық өсудің өз еліміздегі мәселелеріне кеңінен тоқталып өтпекшімін.
Экономикалық даму не үшін қажет? Ел нақты экономикалық даму кезеңінде өмір кешсе, онда бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тауарлар және қызмат көрсетуларге әркімнің қолы жетіп, оларды таңдауға мүмкіндік туып, халықтың өмір деңгей көтеріледі. Елдің ішіндегі өмір деңгейін төмендетпей, басқа елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Басқаша айтқанда, “пісірген бәлішің” үлкенірек болса, оның өзінен артылып қалған бірнеше бөлігін экономикалық қуатын өсіргісі келіп отырған мемлекеттерге де беруге болады.
Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді. Алайда, бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ болатыны тағы да даусыз.
Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық бәліш пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық