Экономика | ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ ЗЕРТТЕУДЕГІ СЫЗЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ МОДЕЛЬДЕРІ

КІРІСПЕ
Өзінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жоғары нәтижеге жету кез келген адамның негізгі мақсаттарының бірі. Экономикалық жүйелердің әр түрлі деңгейлерінде кездесетін жоспарлау, басқару, шектелген ресурстарды тиімді бөлу, өндірістік процестерді талдау, күрделі объектілерді жобалау сияқты есептердің ұтымды және оптималды шешімдерін табу табиғи және ғылыми-техникалық прогресс қажеттіліктерінен туған мәселелер.
Оптимизациялық есептерде математикалық әдістерді пайдалану үшін, ең алдымен, тиімді шешімін табу қажет есептің өзінің математикалық қойылымын жазуымыз қажет. Математикалық қойылымда берілген ресурстар, өндірістік технология, «жақсы» немесе «жаман» шешім деген сияқты түсініктердің сан шамалары және олардың арасындағы байланыстар, математикалық өректер, теңсіздіктер арқылы көрсетілулері тиіс. Шарттары нақты берілген есептің математика тіліндегі формалды жазылымын сол есептің математикалық моделі деп атайды.
Математикалық модель құру үшін, ең алдымен, зерттейтін объектінің ең басты қасиеттерін немесе заңдылықтарын бөліп алып, оларды математикалық өрнектер арқылы өзара байланыстырып сипаттайды. Математикалық модель құрғаннан кейін ғана есепті шешіп, зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық