Қазақ әдебиеті | Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі

Кіріспе
Ш.Ш.Уәлихановтың өмірбаяны туралы. Ш.Уәлиханов (дұрыс есімі Мұхамед-Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелетіп қойған аты) Құсмұрын бекінісінде 1835 жылы қараша айында туған. Шоқанның әкесі, ата-бабалары ескі сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, орта жүздің ханы – Абылай Россиямен сауда және саяси байланыс жасап отырған.
Оның үлкен ұлы орта жүздің ханы – Уәли. Бұл байланысты одан әрі Уәлидың есімін алып, өзін «Уәлиханов» деп аталған.
Щыңығыс Уәлиев – Шоқнанның әкесі 1811 жылы Қызыл ағашта туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жасар еді. Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де, өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) өзі бас ие болады.
Айғаным Сырымбетте 1853 жылы 19 қараша күні қайтыс болады. парасатты, терең ойлы Айғаным әрі көреген орыс тілін жете меңгерген, қазақ халқы мен орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздеген кісі.
Шоұанның жан-жақты дамып, орыс тіліне жақын болуының бірден-бір себепкері болды.
Білім маңызын терең түсініп, орысша оқыған Шыңғысты Айғаным 1827 жылы Сібірдің линиялық казактардың әскери училищесіне оқуға түсіреді.
Онда ол 7 жыл оқып, көркем өнер, тарих пен географиядан, ғылым әдебиеттен, өз елінің статистикасымен терең мағлұмат алады. Оқуды бітірген соң Аманқарағайға барып сонда ол майор шені, бертін келе полковник шені беріледі. Осында жастайынан атастырып қойған қалыңдығы Зейнеп Шарман қызына үйленеді.....
Курстық жұмыстар
Толық