Бизнес | Шағын және орта кәсіпкерлік

Кіріспе
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық қамту және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.
Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру тетігі әлдеқашан шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі шаруашылық субъектілерімен де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңы жылдары заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде шағын кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық