Қазақ тілі | Тілдік қатынас негіздері пәнінің мақсаты, міндеті зерттеу нысаны

Қазақ лингвистикасындағы тілдік қатынас пен қатысым әдісн зерттеу баспадан шыққан әдістемелік еңбектерге шолу жасауды қажет етеді. Қазақ тілінің әдістемесіне байланысты жарық көрген оқулықтар, еңбектер тіл білімінің барлық салаларын қамтып келіп, қазақ тілі ғылымында елеулі орын алады.
Бірақ анықтап айтуға тиісті бір жағдай: ертеректе шыққан оқулықтардан бастап, осы соңғы кезеңдегі еңбектерге дейін тілдік қатынас мәселесін бірде-бір ғалым тікелей сөз етпейді. Бұған қарап, қазақ тіл білімінде қатысымдық процесс жоқ екен деп есептеуге болмайды.
Баспадан шыққан еңбектерде тілдік қатынас, қатысым әдісі туралы ғылыми-теормялық пікір қалыптаспай, бұл мәселелерге байланысты терминдер бірізге түспегеніне қарамастан, тілді оқыту, тіл білімінің жеке салаларын оқыту мәселесі ертеден қолға алынған.
Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу жолында XX ғасырдың бас кезі, әсіресе осы кезеңнің алғашкы онжылдық уақыты, ерекше атап өтуді қажет етеді. Себебі, бұл жылдары көрнекті ғалым-ұстаздардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың ұлттық тілдің ерекшелігіне, оның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәніне көңіл аударып, қалам тартпағаны кемде-кем.
1922—1931 жылдарлың көлемінде казақ тілін оқыту, үйрету әдістсмесіне байланысты көптеген пікірлер мен көзқарастар сол кезеңдегі "Айқап", "Қазақ", "Қазақ тілі", "Мұғалім", "Шора", "Шолпан", "Сапа", "Жаңа мектеп", "Еңбекші қазақ". "Қызыл Қазақстан" сияқты басылымдарда көптеп жарияланды. Мысалы:....
Курстық жұмыстар
Толық